20
Пн,
мая

һижри

Ең ұзақ ораза ұстайтын елдер

Жаһан

Полярлық аймақта өмір сүретін мұсылмандар үшін күннің шамамен 23 сағат бойына шығып тұруы Рамазан айында қиын шарттар алып келеді, деп жазады The Independent британдық басылымы.

Ораза айында мұсылман халқы  таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітеді. Әр күнгі ораза ауызашар асымен аяқталады. Болжам бойынша, әлем халқының 22%-ы немесе 1,6 миллиард адам қасиетті оразаны ұстайды.

Жаз маусымдарында Лапландия, Финляндия және Швеция секілді мемлекеттерде күн үнемі шығып тұрады. Күн шапағы небәрі 55 минутқа бататын Финляндияның солтүстік аймағының тұрғындары Рамазан айын қалай өткізетінін айтып берді. Аймақ тұрғыны Мохаммедтің айтуынша, ораза сағат 1:35-те таң сәріден басталып, түнгі 12:48-де аяқталады. Осылайша ораза 23 сағат 5 минутқа созылады.

«Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің 20 сағаттан аса ораза ұстайтынымызға сене алмайды. Біз 22 жарым немесе 23 сағат ораза ұстайтынымызды естіген кезде олар қатты таң қалды» дейді Мохаммед. Ол сондай-ақ табиғи жағдайы ұқсас көршілес елдер бейімделіп алғанын жеткізді. «Лапландияда тұратын мұсылмандар таяушығыс кестесін негізге алады. Олар оразаны Түркия уақытымен есептейді» дейді ол.

KazIslam.kz

Поделиться: