20
Пн,
мая

һижри

Британ мешіті мұқтаждарды ауызашарға шақырады

Жаһан

Қасиетті Рамазан айында Ұлыбританияның Уэльс округі Кардифф қаласындағы мешіт күн сайын мұқтаж адамдарды ешқандай сеніміне қарамастан күн сайынғы ауызашарға шақырады.

«Рамазанда ауызашарыңмен бөліс» атты акция бұл мешітте осымен алтыншы жыл қатарынан өтіп келеді. Оның аясында тегін ауызашарға кез келген адам қатыса алады.

«Біздің мешіттен санаулы минутта жететін жерде орналасқан Манчестерде болған уақиғалар уақытында қасиетті Рамазанда біз үшін ел тұрғындарының бірлігін сақтау, қоғамды тұрақтандыру – маңызды іс. Қасиетті Құран аяттарының бірінде «Бір адамды өлімнен құтқарған, барша адамзатты құтқарғандай, ал бір адамды өлтірген барша адамзатты өлтіргендей» деп айтылады» деп атап өтті мешіт имамы Мұхаммед Алямгир.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: