20
Пн,
мая

һижри

Голландия: ораза ұстауға жеңілдік беретін жарнама

Жаһан

Etcetera голландиялық жарнама компаниясы қасиетті Рамазан айында ораза ұстаушы мұсылмандарға ерекше жағдай жасады.

Компания Halal Fried Chicken халал фастфуд желілері үшін арнайы билборд жасап шығарды. Айта кетсек, бұл билбордтар күн батысқа батқаннан кейін «жұмыс істейтін» болады.

Адамның тәбетін ашатын тауық етінен жасалған тағам суреттері бейнеленген билбордтар енді кеш қарайған кезде ғана пайда болады. Күні бойы ауызы берік, ораза ұстаушы жанның көңіл-күй сезіміне түсіністікпен қараған компания жарнамалары Амстердам және Роттердам қалаларындағы бірнеше автобус және трамвай аялдамаларында орналастырылған.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: