20
Пн,
мая

һижри

Абу-Даби қонақ үй қызметіне мысықтарды қабылдайды

Жаһан

Абу-Даби қаласындағы Jannah Hotels and Resorts мейманханасы жұмысқа сегіз бірдей мысықты алу туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Мейманхана әкімшілігінің пайымынша, сүйкімді үй жануары қонақүй қызметкерлерінің көңіл-күйлеріне жағымды әсер беріп, еңбек уақытында келеңсіз әрі көңілсіз жағдайларға ұшырамауына септігін тигізеді.

«Бұл ой бізге 2015 жылы келген. Көптеген зерттеулер кеңселерде үй жануарларын ұстау адамды тыныштандырып, күйзелістен сақтайтынын дәлелдеді. Біздің ұжым мысықтарды ерекше жақсы көреді және оларды Jannah мейманхана ұжымына қабылдауға әзір» дейді Jannah Hotels and Resorts қонақүйінің негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Нехма Имад Дарвиш.

Қазіргі уақытта мейманхана штатында – 8 мысық бар. Олармен мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ қонақтардың да ойнауына рұқсат етілген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: