20
Пн,
мая

һижри

Медресе жоғары оқу орны мәртебесін алды

Жаһан

Өзбекстанның Әділет министрлігінде алғашқы медресе жоғары оқу орны мәртебесін алып, тіркеуден өтті.

Республика президенті Шавкат Мирзиеевтың бастамасымен құрылған «Мири Араб» медресесі Бұхара облысы Каған ауданында орналасқан. Айта кетейік, дәл осы өңірде XIV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген сопылық тұлға Бахауиддин Нақшбандидің қабірі бар.

«Жоғары ислами білім мекемесі мәртебесімен Өзбекстанда алғашқы ашылған медресе ислам діні негіздерін терең әрі жан-жақты оқытудa және елде діни төзімділікті қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие» деп мәлімдеді Министрлер кабинеті жанындағы Дін істері комитеті өкілдері.

Алдағы жаңа оқу жылында медресе 50-ге жуық студентті қабылдайды. Олар дін тарихы мен теориясын, сондай-ақ, ислам құқығы мен араб тілін меңгереді.

Дереккөз: Kazislam.kz

Поделиться: