20
Пн,
мая

һижри

Қасиетті мешіттерге жаңа желдеткіштер орнатылады

Жаһан

Меккедегі әл-Харам және Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті жыл сайын қажылыққа келуші мұсылмандарға қолайлы жағдай жасауға күш салып келеді. Биыл мешіттегі ауаны салқындатып тұратын жоғары технологиялық жабдықтар тағы да жаңартылмақ.

Бұл мақсатта арнайы су бүріккіштер қолданылады. Ол арқылы су жоғары қысыммен үрленіп, шыққан кезде сулы аэрозолға айналады. Нәтижесінде, желдеткіштерден шыққан су салқын сулы тұман күйде ауаны салқындатады.

Қазіргі уақытта Қағбада дәл осындай 228 құрылғы жұмыс істеп тұр. Құрылғылар ауа температурасы Цельсий бойынша 30 градустан жоғары көтерілген кезде автоматты түрде іске қосылады. Бұл желдеткіштер ауа температурасын 9 градусқа дейін төмендетеді. Аталмыш технологиялық құралдар қалыптасқан классикалық желдеткіштерден айтарлықтай тиімді болып отыр. Әр желдеткіш 180 градусқа айнала алады. Құрылғылар АҚШ-тың Schaefer фирмасында жасалған.

Күрделі желдеткіш жүйесінен құрылған жоғары технологиялық жабдықтар қасиетті қос мешіт әкімшілігі тарапынан қажылардың құлшылық етуіне жасалған қолайлы жағдайдың бірі екенін көрсетеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: