20
Пн,
мая

һижри

Дәрігер: ауызашарға дейін спортпен шұғылдану – өте пайдалы

Жаһан

Түркиялық дәрігер- нутрициолог қасиетті Рамазан айында ауызашар уақытына дейін спортпен шұғылдануды ұсынды.

Тамақтану бойынша маман Исмат Тамердің пайымдауынша, ауызашарға дейін спортпен шұғылдану адам ағзасы үшін өте пайдалы, деп жазады Al Arabiya.

Оның айтуынша, ораза кезінде дені сау адамның спортпен айналысуын тоқтатуына ешқандай себеп жоқ. Керісінше, әдеттегі жағдайдың өзгеріп, күндізгі уақытта ұйықтау артық салмақ қосуға алып келеді.

Дәрігер мұсылмандарды мұндай жағымсыз ойлардан аулақ болуға шақырып, асқазанның бос күйінде спортпен шұғылданудың зияны жоқтығын тілге тиек етті.

«Кейбір адамдар ауызашарға дейін спортпен айналысуға болмайды, күш-қуат қалмайды деп ойлайды. Алайда, бұл қате пікір» дейді Тамер.

Түрік нутрициологы спорттық жаттығуларды тоқтатып, кешкі ауызашарда ертеңгі күні аштық пен шөлден қиналамын деп көп тамақ ішудің салдары артық калорияға, ал ол майға айналып, артық салмақ қосуға соқтыратынын атап кетті.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: