20
Пн,
мая

һижри

Бельгия королі ауызашарға қатысты

Жаһан

Бельгия королі Филипп алғаш рет Гент қаласында тұратын Мароккодан келген мұсылман отбасында ауызашар мейманы болды, деп хабарлайды RTL телеарнасы.

Король мұсылман отбасымен бірге, сегіз баласымен қатар құрмамен ауыз ашты. Айта кетсек, бұл отбасыдағы ұлдың бірі Гент қаласындағы үлкен мешіттің бірінде имам қызметін атқарады, сондай-ақ, Фландрия Білім департаментінде жұмыс істейді. Дәл осы имам бельгиялық монархқа Рамазан айының маңызы жайында айтқан екен.

Ресми деректер бойынша, Бельгияда 11 миллион халықтың 800 мыңын мұсылмандар құрайды. 2000 жылы мұсылмандар саны 400 мың ғана болған. Қазіргі уақытта елде 350 ресми тіркелген мешіттер бар. Бұған қоса, көптеген намазханалар да жұмыс істейді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: