20
Пн,
мая

һижри

БАӘ: 50 градус – ораза

Жаһан

Біріккен араб әмірлігі Метеорология және сейсмология ұлттық орталығы17 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 14:30-да Абу-Даби қаласында 51 градус цельси жоғары температураны көрсеткенін хабарлады.

Қазіргі уақытта әмірлікте аптапты ыстық орнаған – термометр бағаны 49 градусты көрсетіп тұр. Жағалау аудандарындағы ылғалдылық 95%, ал ішкі аудандарда – 90%.

2017 жылдың ең аптапты кезеңі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына сәйкес келді. Мұндай ыстыққа қарамастан мұсылман қауымы ішіп-жеуден тыйылады. Әмірлік билігі шетелдік туристерге ашық түсті әрі кең киім киюді, тәулігіне кемінде 2 литр су ішуде, ыстық уақытта көшеде жүруден сақ болуға, сондай-ақ шағын қуаттағыштармен жұмыс істейтін портативті желдеткіш алып жүруді ұсынады.

Айта кетсек, БАӘ-де рекордты жоғары температура 2016 жылдың шілде айында тіркелген. Осы уақытта Дубайда ауа температурасы 60 градусқа жеткен. Жоғары ылғалдылық салдарынан 64 градус шамасында көрініс тапты.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: