20
Пн,
мая

һижри

YouTube экстремистік видеоларға тыйым салады

Жаһан

Google корпорациясы өзіне тиесілі YouTube видеохостингінде экстремистік сипаттағы бейнероликтерге қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді.

Мәлімдемеге сүйенсек, бірінші кезекте терроризмді насихаттайтын видеоларды автоматты түрде анықтап, өшіретін құралдар жаңартылады. Корпорация сондай-ақ, мұндай контентті қарапайым режимде іздеп, жойып отыру үшін қызметкерлер штатын ұлғайтады.

Сонымен қатар, таяу уақытта компания интернетте экстремистік материалдарды таратуға қарсы күрес жүргізетін қоғамдық ұйымдармен әріптестікті кеңейте түспек. «Біз және басқа да компаниялар көптеген жылдан бері біздің саясатымызға сәйкес келмейтін контенттерді анықтап, жою жолында жұмыс жүргізіп келеміз. Айта кетер жайт, өндіріс көзі ретінде мойындауымыз қажет: әлі қыруар жұмыстар бар» дейді Google корпорациясының бас заңгерлік кеңесшісі Кент Уокер.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: