14
Чт,
мая

һижри

Қырық жылдық ауру бір сағатта жазылмайды

Қырық жылдық ауру бір сағатта жазылмайды

Иман келтіру

Егер бір мәжіліске, бір насихатқа қатысып, одан ешқандай өзгеріс сезінбестен бұрынғы қалпыңмен шығып кетсең, «Мен мұнда не үшін келдім? Бұдан қандай пайда бар?» деп айтуға асықпа.

Керісінше, ондай жиындарға баруды жалғастыр. Қырық жыл бойы жиналған рухани дерттің бір сәтте жазылуын қалап тұрсың ба?  Қырық жыл бойы бір жерге қоқыс төгілсе, оны бір сағатта тазалау мүмкін болмағаны сияқты, жүректе жиналған дерт те бірден кетпейді. Кім күнәға бой алдырса харамға бата береді. Ондай адам шынайы тәубе етпейінше жеті теңізге шомылса да тазара алмайды.

Сыртқы жүніптік адамның мешітке кіруіне тосқауыл болса, жүректегі ішкі жүніптік, яғни ғапылдық пенденің Аллаға жақындауына кедергі болады. Егер нәпсің шаһуатқа қарай жетелей бастаса, оны шариғат жүгенімен теже. Нәпсі – өзгенің егіндігіне баса-көктеп кіретін жануар сияқты. Сондықтан көзіңді дүниенің жылтырағына көп салма, жүрегіңді Алланың зікіріне бағытта. Алла Тағала Өз құзырына лайықты құлдарын ғана таңдайды, лайықсыздарды дүние әуресіне қалдырады. Бұл – патшаның алдында әйелінен құлдардың арасынан қалағанын жанында қалдырып, лайық көрмегендерін басқа жұмысқа жібергені сияқты.

Егер сен үгіт-насихат айтылатын жерде отырсаң, мойныңа нұрдан жасалған шынжыр ілінеді. Ал күнә жасалатын жерге барсаң, мойныңа қараңғылық шынжыры ілінеді. Сен оны көрмесең де, өзгелер ол нұрды байқайды. Соқыр адам күнді көрмесе, бұл күннің жоғалғанын білдірмейді. (Сол сияқты жүрегі соқыр адам ақиқатты көрмейді).

материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,

ummet.kz

Поделиться: