Егер адамдармен байланыс үзсең, Алла саған Өзіммен достық есігін ашып қояды. Өйткені Алланың әулие құлдары оңаша болу мен үнсіздік арқылы нәпсісін жеңді. Сол кезде оларға Алладан илhәм (илаһи ишараттар) келді, олар Алламен дос болды.
Егер жүрегің лас нәрселерден тазарсын десең, Алланың достары бас тартқан нәрселерден сен де бас тарт. Олар үшін ең қауіпті нәрсе — көпшілікпен араласып кету еді, сондықтан олар адамдардан бойын аулақ ұстады. «Пәленше не бопты?» «Пәленше ажырасыпты ма?» деген әңгімелерді сұраудың қажеті жоқ. Көше бойында өсек іздеп отырма, бос сөзге ерме. Кім Алланың алдында болуға даярланса, Алла оған күш-қуат береді. Егер саған дайындалуға рұқсат берілсе, жәрдем есігі ашылады. Кім есікті әдеппен, табандылықпен қақса – оны ашық күйде табады. Кейде ізденуші есікті қаққанымен, әдепсіздік танытқаны үшін есік ашылмайды.
Пенденің қателігінің көбі – үнсіз жүре алмауынан. Егер сен Аллаға жақындасаң, базарда жүрсең де, үйде отырсаң да – әрдайым Алланың үндеуін, шақыруын еститін едің. Ояу адам естиді, ұйқыдағы адам ештеңе естімейді. Өйткені, арада бір перде бар.
материал «Тәжул-арус» кітабынан алынды,
ummet.kz