17
Ср,
дек

һижри

Шапағаты қабыл болатын шапағатшы

Шапағаты қабыл болатын шапағатшы

Ислам тарихы

Құран оқу – мұсылмандарға бұйырылған және ол үшін сауап алатын құлшылықтың жеке түрі. Құран оқу – құтылу жолы, сондай-ақ, әрі пендеге Құран шапағатшы ретінде Қиямет күні аса Құдіретті Алланың мейіріміне жетуіне себепші болады.

Алла Тағала: «Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы»;

«(Мұхаммед!) Кітаптан саған уахи етілгенді оқы да, намазды орында...»

«(Мұхаммед!) «Мен (күнә істерге) Өзі тыйым салған осы қаланың (яғни, Меккенің) Иесіне құлшылық жасауға бұйырылдым. Барлық нәрсе Оныкі! Сондай-ақ мен бойсұнушылардан болуға және Құран оқуға бұйырылдым» (де). Ендеше, кім тура жолмен жүрсе, өзі үшін жүреді, ал кім адасса: «Шынында, мен ескертушілерден ғанамын» де», - деді.

Айша (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.ғ.с): «Құран оқушы мен оны жатқа білуші құрметті де бойсұнушы жазушылармен (періштелермен) бірге (болады), ал Құранды үнемі әрі қиындықпен оқитынға екі сауап (жазылады)», - деген.

Абдуллаһ ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кім Алланың Кітабынан бір әріп оқыса, оған сол үшін бір жақсы амал (жазылады), ал (әрбір) жақсы амал үшін (алған сауапты) он есе арттырады, мен «әлиф-ләм-мим» бір әріп демеймін, керісінше, «әлиф» - бір әріп, «ләм» - бір әріп және «мим» - бір әріп», - деді» - деген.

Сондай-ақ, Умама әл-Баһили (Алла оған разы болсын): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с): «Құран оқыңдар, өйткені, ол Қиямет күні өзін оқыған адамдар үшін шапағатшы болады», - дегенін естідім», - деген.
Құран тыңдау қадірлілігі жағынан оны оқудан ешқандай да кем емес. Құранды шын ықылас-ынтасымен тыңдау пендеге Алла Тағаланың кешіріміне ие болу мен Оның мейіріміне бөленуге жетуіне мүмкіндік береді. Алла Тағала: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып, ден қойып тыңдаңдар. Әрине, мейірімге бөленерсіңдер», - деген.

Сол үшін де ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен оның сахабалары Құран оқығанда тыңдауды жақсы көрген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Поделиться: