Қабір зияратының марқұмдарға пайдасы:
1. Зиярат жасаушылардың берген сәлемі, оқыған Құраны, жасаған дұғасы қабір иелерінің ахуалын жеңілдетеді.
2. Қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып (хатым жасап), сауабын қабірдегі марқұмдарға бағыштау – сауабы мол іс.
3. Тірілердің жасаған дұға-тілектері қайтыс болғандардың күнәларының кешірілуіне, жатқан жерлері жайлы болуына себеп болады.
4. Марқұмның артында қалған ұрпақтары оқыған Құранның сауабы пайдасын тигізеді.
5. Жасаған дұғалары арқылы қабір әлемінің ауыртпалықтары мен қиындықтары жеңілдейді.
материал «Зират және зиярат мәдениеті» кітабынан алынды,
ummet.kz