18
Чт,
дек

һижри

Дәрет алғаннан кейін айтылатын сөз

Дәрет алғаннан кейін айтылатын сөз

Ислам тарихы

Ғұқба ибн Амирден (Алла оған разы болсын):

«Бізге түйелерді бағу жүктелген еді. (Бірде) менің кезегім келді де, оларды кешке айдап әкелдім. Келсем, Алла елшісі (с.а.с.) түрегеп тұрған қалпында адамдарға сөйлеп тұр екен. Мен оның сөзінен:

«Қайсыбір мұсылман жақсылап дәрет алса, сосын тұрып жүрегімен және жүзімен бұрыла екі ракағат намаз оқыса, оған міндетті түрде жаннат тиісті болады», – дегенін (естіп) үлгердім.

Мен (мұны естіп): «Бұл қандай ғажап!» – дедім. Сонда алдымда тұрған біреу:

«Мұның алдындағы (айтқаны) тіпті ғажап!» – деді. Қарасам, Омар екен. Ол: «Мен сенің жаңа ғана келгеніңді көрдім. (Осының алдында Пайғамбар (с.а.с.)): «Қайсыбірің кемеліне жеткізе (не толық) дәрет алып, сосын «Әшһәду әллә иләһә илләллаһ(у), уә әннә Мухаммадән абдуллаһи уә расулуһ(у) (Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін)» деп айтса, оған міндетті түрде жаннаттың сегіз қақпасы ашылып, ол бұлардың өзі қалағанынан кіреді»3 , – деп айтты», – деді», – деген (17/234).

материал «Муслимнің Сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Поделиться: