18
Чт,
дек

һижри

Құранды ұмыттым деме, Құран мені ұмытты де

Құранды ұмыттым деме, Құран мені ұмытты де

Ислам тарихы

Көп адамдар жаттаған аяттарын қайталамаулары себепті оларды ұмытып жатады.

Бірақ негізі біз Құранды емес, керісінше, Құранға мән бермеуіміз, оған немқұрайлы қарауымыз себепті Құран бізді ұмытатынын естен шығармауымыз керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Осындайда, осындай аятты ұмыттым деуші құрысын, өйткені ол өзі ұмытылған», - дейді.

Имам Науауи бұл хадис туралы: «Бұл хадистен (Құранға қатысты) ұмыттым деп айтудың болмайтындығын, оны ұмытып қалудан сақтану керектігін түсінеміз. Өйткені, олай істеу (Құранды) жеңіл көріп, оған деген немқұрайлылық танытуға әкеледі.

Алла Тағала: «Өйткені саған аяттарымыз келген деі. Сонда сен оны ұмытқан едің», - дейді». Сондықтан мұсылман адам Алланың кітабы – Құраннан алыстап қалмас үшін аз болса да күнделікті жаттаған аяттарын қайталап отыратын арнайы уақыт бөлуі тиіс.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz



Поделиться: