11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сурет өнерінің тыйым салынған түрлері

Сурет өнерінің тыйым салынған түрлері

Пәтуа

Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте:

«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Расында, мына бейнелерді жасағандар қиямет күні азапқа душар болады. Сол күні оларға: «Ал енді өз қолдарыңмен жасағандарыңа жан бітіріп көріңдер», – деп айтылады», – делінген.(Бұхари, таухид 56; Муслим, либәс 96).

Түсініктеме: Ислам шариғаты бойынша адам, жан-жануар және жәндіктер сынды тіршілік иелерінің суретін салып, мүсінін жасауға тыйым салынады. Ал егер адамның қолыңнан келер жалғыз кәсібі және бір ғана табыс көзі сол болса, табиғаттың немесе жансыз нәрселерді бейнелеуіне болады.

Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алыс сапардан оралғанда мен бөлмемдегі қабырғадағы оймаға (жан-жануардың) суреті бар перде іліп қойған едім. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пердедегі суреттерді көріп, өңі өзгеріп кетті де: «Уа, Айша! Қиямет күні Алланың алдында ең ауыр азапқа душар болатындар – Алла Тағаланың жаратқан мақлұқтарының суретін салып (немесе мүсінін жасап) Оған (Жаратқанға) ұқсағысы келгендер», – деп айтты. Содан біз әлгі пердені жыртып, (суреті бар тұсын ойып алып тастадым да қалған бөлігінен) бір (немесе екі) жастық жасап алдық», – деген (Бұхари, либәс 91; Муслим, либәс 929).

Ибн Аббас (р.а.) өзінен: «Сурет салуға бола ма?» – деп пәтуа сұрай келген әлдебір қылқалам иесіне: «Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әрбір суретшінің барар жері тозақ. Тозақта оның дүниеде салған әрбір суретінің орнына бір мақұлықтан жаратылып, солар оны азаптайтын болады», – дегенін естіген едім. Саған егер міндетті түрде сурет салу керек болса, өсіп тұрған ағашты және жансыз нәрселерді бейнеле», – деп кеңес берді.(Бұхари, буйуғ 104; Муслим, либәс 99).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: