20
Пн,
мая

һижри

Әлемнің ең қарт тұрғыны өмірден өтті

Жаһан

Индонезияның Ява аралында әлемнің ең ұзақ жасаған тұрғыны дүниеден өтті. Содимеджо есімді индонезиялық қарияның 146 жасқа келіп, қайтыс болған.

Nation News ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2016 жылы Сраген ауданы халық есебі және азаматтық актілерді тіркеу басқармасы Содимеджоның туған уақытын ресми түрде 1870 жылдың 31 желтоқсаны деп бекітті.

Содимеджоны ауылдастары «Гото ата» деп атап кеткен. Ол бірге туған оншақты бауырын, төрт әйелін және барлық балаларын көріп, олардың өмірден өткеніне де куә болған. Ұзақ жасаған қарияның денсаулығы сәуір айында сыр берген. Он күнге жуық аурухана төсегіне таңылан Содимеджо осы уақытта ешнәрсе жей алмаған. Осылайша бір жарым ғасырға жуық өмір сүріп, өмірден өтеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: