11
Сенбі,
Мамыр

һижри

Американдық бір бай іскер адам жұмыс бабымен Мексикада болып, кішкентай бір мексикадағы ауылға соғады. Судың жағасында отырып, бір кіші кеме көреді. Кеменің іші толған балық. Балықшының жанына барып: “Сәлеметсіз бе, осыншама балықты аулауға қанша уақытыңыз кетті?” – дейді. Балықшы бар жоғы бір-екі сағатының кеткенін айтады.

Жұмсақтық – адам бойындағы ең асыл, баға жетпес мінездің бірі. Мінезі жұмсақ адам кешірімді, байыпты, байсалды, ашуға бой алдырмайтын, сабырлы, шыдамды, көңілдің күйін алыстан бағамдайтын парасатты, кішіпейіл, жанашыр, жылы жүзді, майда тілді келеді. «Қауызында дәні жоқ – сабан мінезді адам болады; қорсылдаса көңілі тоқ – қабан мінезді адам болады» деген секілді дөрекілік пен дойырлық қай кезде де рухани осалдық, жабайы мінез ретінде сынға алынып, ал жұмсақтық қай халықта да игі саналған.

Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді."Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді дәрігер.

Хазіреті Омардың халифалығының дәуірі болатын. Бір күні қаладан жырақта тұратын бір жас жігіт асау атпен түс мезгілінде Мадина қаласына келді. Қалаға кірмей тұрып, құрма бақшасының көлеңкесіне жатып, атымен бірге тынығып алғанды жөн көрді. Осы кезде ат байлаулы тұрған жерінде жұлқынып, құрманың бұтағын сындырып жіберді.

Мен, басында «Əбу Ханифа» мəзһабын ұстандым. Бір-екі рет басқа жамағаттармен араласып, «сəлəфимін» деп өмірімді түбегейлі өзгерттім. Сөйтіп, мадхалит болып шыға келдім. Содан кейін бір суруритпен ара- ласып, суруриттердің қатарынан шықтым. Мадхалдар жамағатынан шығарған соң, осылайша террорист болдым. Ақыры, өз үкіметіме «ДАИШ» экстремистік жəне лаңкестік ұйымына аттанып бара жатқанда қолға түстім. (Кейіпкердің өмірінен)

Жас бала дәліздің терезесінен далаға қарап, таза ауа жұтып тұрды. Аяғының астына кішірек орындық қойып алған. Әкесі бұрынғы әдетінше арғы бөлмеде. Үйдің ішіне ішімдік пен темекінің, оған қоса тер мен кірдің сасыған күлімсі иісі сіңіп қалған. Әр жерде босаған шөлмектер қылтиып тұр. Бір бұрышта тұрған ас үстелінің үстіне дастархан іспеттес бір нәрсе төселген. Оның да әр жері темекі шоғынан шұрықталып тесіліп қалған.

Бізді қоршаған әлемдегі кез келген биологиялық тірішілік иесінің өмірі жалпылай алғанда біріне-бірі ұқсас келеді. Қалыпты жағадаймен қарағанда, бәрі де туылады, өсіп жетіледі, ересек өмір кешеді, қартаяды, шөгеді, содан бұл дүниеден өтеді. Бірақ соның ішінде адамзаттың балалық шағы өзге тіршілік иесіне қарағанда ұзағырақ екенін байқау қиын емес.