12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Харам жолмен табыс табудың нәтижесі

Харам жолмен табыс табудың нәтижесі

Пәтуа all

Алла Елшісі: «Алла Тағала жамандықты жамандықпен қайтармайды» – деу арқылы біздерге үлкен бір ақиқатқа жөн сілтеуде. Ерекше мейірімді Алла Тағала жамандықтың орнын жақсы нәрсемен толтырады.

Сондықтан болар, қандай да бір жан Исламның тыйым салған жолдарынан тапқан қаржысын ең қайырлы бір қызметке жұмсаса да, жасаған күнәсінің есесін қайтарған болып есептелмейді. Қайта күнә үстіне күнә жүктеп алуы мүмкін. Өйткені, тап-таза бір саланы да өзінің лас табысымен кірлеткен болады емес пе? Адамның асқазанына түсетін бір түйір харам зат оның қырық күндік намазының нұқсан болуына жеткілікті. Мұның өзі қандай өкініш. Тұла бойының әрбір түкпірін хараммен толтырған адамдардан құралған қоғам Алла Тағаланың рақымына бөлене алмайды. Қоғам, ондағы өмір сүріп жатқан адамдар өз-өзін өзгертпейінше, Алла Тағала да оларды өзгертпейді. Алла Тағала қараптан-қарап таза қоғамды құлдыратпайды немесе құлдырап біткен қоғамды тазартпайды.

Кісі ақысы да өте маңызды. Алла Елшісі кісі ақысын жеген адамның жаназа намазын оқымаған. Өйткені, кісі ақысымен кеткен жанның артынан дұға жасалуын да лайық көрмеген. Кісі ақысы қалай және қандай жолмен болса да біреудің мойнына жүктелсе, ол жанның құрдымға кетуіне себеп болады. Ақиретте кісі ақысымен кеткендердің жағдайы өте ауыр болмақ. Саудасаттықтағы алдау, көлеңкелі сауда, құмар ойнау, пайыз, ұрлық мінекей осы жолдан табыс тапқандардың барлығының мойнында кісі ақысы болады.

Сондықтан да Алла Тағала осы жолдардан табыс табудың барлығына тыйым салған. Бұндай лас істерге тыйым салуы – қоғамда қанаушылықтың алдын алудан туған. Бұл Алланың мейірімі мен рақымдылығының көрінісі. Демек, бұндай күнәлі істерден аулақ жүрген дұрыс.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: