14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Әрбір мұсылман жасауы тиіс сүннет амалдар

Әрбір мұсылман жасауы тиіс сүннет амалдар

Ислам тарихы

Әрбір мұсылман Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінің мәні мен маңыздылығын түсінеді. Алайда бұл түсініктің күнделікті өмірде орын табуы сирек кездеседі. Көптеген адамдар сүннетті ұстану өте қиын және ауыр деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде бұл олай емес. Біз сектанттардың сүннетті ұстануға қатысты саяси ұрандарын біздің туымызға, олардың сөздерін біздің әрекетімізге айналдыруымыз керек.

Мисуак – Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең үлкен сүннеттерінің бірі. Дінді ұстанатын мұсылмандардың көпшілігі ол жайлы біледі, бірақ оны үнемі орындауға жалқауланады. Ханафи мәзһабы бойынша мисуакты дәрет алған кезде қолданған жөн, намаз алдында емес. Өйткені, бұл қызыл иектің қанауына әкелуі мүмкін. Ал шәфиғи мәзһабы бойынша оны дәрет алған кезде де, намаз алдында да қолданған жөн. .

Жұма күні ғұсыл құйыну.

Әтір қолдану. Бұл мәселені сәл мұқият қарастырып, сапалы хош иістерді сатып алуға тырысу керек, өйткені арзандары әдетте тым өткір иіске ие және айналадағыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.

Ер адамдарға жұдырықтың көлеміндей сақал қалдыру. Шәфиғи мәзһабы бойынша бұл – сүннет, ал сақалды қыру – мәкрүһ, ал ханафи мәзһабы бойынша – уәжіп, ал сақалды қыру – мәкрүһ тахриман.

Мешітке барар алдында дәрет алу. Мешітке оң аяқпен кіру.

Мешіттен сол аяқпен шығу.

Мұсылмандармен: «Әссәләму алейкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ» сөздерімен амандасу. Біздің жақтағы мұсылмандардың кемшілігі – әдетте бір-бірін танитын болса ғана амандасатындығы. Ал бейтаныс адам кездесіп, оның мұсылман екенін түсінетін болса, өте сирек жағдайда амандасады.

Кішілерге мейірбандық таныту.

Үлкендерге құрмет көрсету.

Ата-ананы құрметтеу, қадірлеу және тыңдау.

Науқастарды зиярат ету. Науқас адамды зиярат ету арқылы сүннетті орындап, сол адамға қолдау көрсетуге болады. Оған бару мүмкін болмаса да, денсаулығы жайлы, нақты немен ауыратыны жайлы сұрастырып, өз көмегін ұсыну керек.

Көршіге жақсы қарау. Дініміздің көркемдігін көрсету үшін көршілерге мұсылман болмаса да тамақ, түрлі тәттілер беру керек.

Кедейлер мен мұқтаждарға қамқор болу. Қазіргі уақытта байланыс құралдарының дамуына байланысты мұқтаж жандарға көмектесу өте оңай, сондықтан мұсылмандар осыны пайдаланып қалуға тырысуы керек.

Туған-туыстармен жылы қарым-қатынас сақтау. Өкінішке орай, мұсылмандар арасында бүлік кең тарап, бір әулеттің мүшелері жанжалдасып, бір-бірімен байланысын үзіп, бірін-бірі ұмытып бара жатыр. Мұның себебі – адамдардың дүниеқорлық пен дүниелік істерге берілуі.

Төмен дәрежелі адамдар болса да, қонақтарды құрметтеу. Қонақтарға күнделікті өзіне дайындауға мүмкіншілігі жоқ тым қымбат тағамдарды дайындамау.
Қонақжайлықтың төмендеу себебі – қонақтарға дайындалатын тағамдардың шамадан артық болуы. Үй иелері мұндай тағамдарды күн сайын ала алмайды, сондықтан олар мүлдем қонақ күтуден қалады.

Сыйлықтармен алмасу. Сіз басқа адамға көңіл бөліп, оған кішігірім нәрсені болса да сыйлыққа тартсаңыз, ол адам сізге дәл осылай жауап бергісі келіп тұрады. Бұл адамдардың жүректерін жақындатады.

Сіз үшін маңызды мәселелерде ұстаздарыңызбен, ата-анаңызбен және басқа да құрметті адамдармен кеңесу. «Шура» (кеңес сұрауды білу) – бұл қоғамдық өмірде де, жеке өмірде де әлеуметтік тұрақтылық үшін маңызды болып табылатын қасиет. Бірақ кеңес сұрау сізге айтылғанның бәрін орындау деген сөз емес. Лайықты адамдармен кеңескеннен кейін, сізге ең үлкен пайда әкеле алатын шешімді таңдау керек.

 материал «100 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: