15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Мемлекет алдындағы міндеттеріміз қандай?

Мемлекет алдындағы міндеттеріміз қандай?

Ислам тарихы

Мемлекет алдындағы басты міндеттеріміз мыналар:

1) Cалық төлеу:

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет халыққа көрсетілген қызметтерін азаматтардың төлейтін салықтарының арқасында жүзеге асырады. Біреу салығын төлемесе немесе алаяқтық жасап кеміткен жағдайда басқа біреудің толық төлеген салықтарының арқасында жасалған қызметтерден пайдаланса, әділетсіздік жасалған болып есептеледі. Жасалған іске үлес қоспай, одан түскен пайдаға ортақ болу – әділетсіздік.

Үлесі болмаған, құқығы болмаған нәрсені алу – мемлекеттің нанын халқының ақысын жеп, ұрлағанмен тең. Аллаға сенетін және ұлтын, халқын сүйетін мұсылман ешқашан бұлай істемейді. Миллиондаған адамның ақысын жеген адамға Алланың алдында есеп беру оңай емес, жауапкершілігі ауыр. Сондықтан да “Мемлекеттің мүлкі теңіз, жемеген адам доңыз” деген қате түсініктен аулақ болуымыз керек. Мемлекеттің өркендеуі, жанымыздың, малымыздың, намысымыз бен қадір-қасиетіміздің аман-есен болуы, мемлекетіміздің күшті, халқымыздың бақытты болуы үшін салықтарымызды уақытында және толық төлеп отыруымыз керек.


2) Заңдарға құрмет көрсету, халықтың бейбіт өмір сүріп,аман-есен болуы үшін қағидалар мен ережелерге мойынсұну.

Алла Құран Кәрімде былай дейді: “Әй, иман келтіргендер, Аллаға мойынсұныңдар, пайғамбарға және өз араларыңдағы әмірші, билеушілерге мойынсұныңдар.”
Пайғамбарымыз: “Әміршіге (билеуші, басшыға) бойұсынған, маған бойұсынғаны болып табылады, оған қарсы келгені маған қарсы келгені болып табылады” деп, басқарушыларға бойұсынуға аса мән берген.

3) Әскер қатарында борышын өтеу:

Мемлекет алдындағы маңызды міндеттеріміздің бірі – мемлекет алдындағы әскери борышымызды өтеу. Әскери борыш әрі діни, әрі ұлттық парыз: ішкі және сыртқы жаулардан Отанымызды қорғау. Пайғамбарымыз әскерде күзетте тұрудың артықшылығы жайында былай дейді: “Бір тәулік шекара күзету күндіз ораза ұстап, түнді ғибадатпен өткізген бір айдан да артық. Күзет кезінде өлсе, жасаған ісінің са- уабы мен рызығы (шейіттер сияқты) мәңгі жалғасады және қабір азабынан құтылады.”

“Екі көз бар, оған жәһаннам оты тимейді. Біреу – Алладан қорқып жылаған көз, екіншісі – Алла разылығы үшін шекара күзетіп ұйықтамаған көз.”


Қоғам мүлкі осылай қорғалады...


Халифа болып тұрған кезінде Хазірет Әли бір күні түнде іс қарап отырады. Осы кезде біреу жеке шаруасымен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Хазірет Әли шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды өшіріп басқа шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбеген қонақ:
– Май шамды неге ауыстырдыңыз? – деп сұрайды. Хазірет Әли оған былай деп жауап береді.
– Сөндірген май шам мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында сөйлесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға құқығым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім, өз ақшама алған май шамды жақтым.
Міне, көріп отырғанымыздай, бұрынғы кемеңгер жандар мемлекет мүлкін осылай қорғаған.
Хайбар қамалы алынған күні сахабалар келіп:
– Пәленше шейіт болды, түгенше шейіт болды, – дейді. Бір адам- ның жанынан өтіп бара жатқанда:
– Мына кісі де шейіт, – дейді . Сол кезде пайғамбарымыз:
Жоқ, мен оны қоғам мүлкінен ұрлаған сырт киімімен немесе күртесіне оранған күйде жәһаннамда көрдім” – дейді.
Көріп отырғанымыздай, мемлекеттің мүлкін ұрлаған жан шейіт болғанымен жәһаннамнан құтыла алмаған.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: