15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Ислам ғұламаларын аналары қалай тәрбиелеген?

Ислам ғұламаларын аналары қалай тәрбиелеген?

Ислам тарихы

Адамзат тарихында барлық адамдар – ұлы имамдар, ғалымдар, сахабалар бәрі де бір кезде аналарының қолындағы кішкентай сәби болған. Осы тұста исламдағы ұлы ғұламалардың аналарын тілге тиек етсек...

1). Имам Маликтің анасы – Аль-Алия бин Шарик Абдурахман Аль-Асадия

Ол ұлын білім алсын деп, ұстаздарға берді. Ең жақсы киімін кигізіп, сәлдесін орап, содан кейін оны ғалымдардың сабағына жіберетін. Ол ұлының тек сыртқы келбетін ғана емес, ғалымдардан не үйрентіні жайлы да ойланды. Ол баласына Рабиаға барып, басқа ілімдерден бұрын, ахлақты (этиканы) үйрен деді. Имам Малик Сәулелі Мединаның өте білімді муфтиі, ислам үмметінің ең ірі ғалымдарының бірі болды.

2). Имам Шафиғидің анасы

Оның жолдасы Аш-Шафии дүниеге келгеннен кейін қайтыс болған. Ал баласының бар тәрбиесі анасының қолында еді. Ол өте ақылды әрі діни сауатты әйел болған. Сондықтан ол баласын дұрыстап тәрбиелеуге және оны тура жолға бағыттауға барынша тырысты. Бала екі жасқа толғанда олар Газадан Мединаға қоныс аударады. Себебі Мекке рухани және ғылыми орталық, айнала шөл дала болды. Сол жерде бала өз тілін жетілдіре алатын еді. Имам Шафиғи анасының лайықты еңбегінің нәтижесінде, үлкен фақиһ, білікті ақын және ислам имамдарының бірі болды.

3). Имам Ахмад Ханбалдың анасы: Сафия бинт Абдульмалик Аш Шайбани

 Олар кедей шаруа отбасы еді. Әкесі ерте қайтыс болып, тәрбиесімен анасы айналысқан. Имам Ахмад анасы туралы былай еске алады: «Менің анам маған Құран үйретті, он жасымда мен оны толық жаттадым. Ол мені таңғы намазға оятып, маған жуынуға су жылытып киіндіретін. Өзі де киініп, менімен мешітке баратын, себебі мешіт үйден едәуір ұзақ еді. Мен оны алтыда болғанда, анам маған: - Хадис жинау үшін жолға шық, себебі хадисті іздейтін жол – жалғыз Аллаға қоныс аудару», - деді. Ол мені жол жүруге дайындап, жол азыққа он тандыр нан, жанына бір шөкім тұз салды да, былай деді: «Әй, балам! Расында кімде-кім сақтағанын Аллаға тапсырса, Ол оны ешқашан жоғалтпайды. Мені сені ештеңені жоғалтпайтын Аллаға тапсырамын», - деді. Ол ұлы мухаддис, фақиһ, сүннет имамдарының бірі болды.

4). Имам әл-Бұхаридің анасы

Имам Бұхаридің әкесі дүниеден ерте өтіп, анасының тәрбиесіне болды. Ол өте кішкентай кезінде көру қабілетінен айырылған еді, оның анасы ол үшін өте көп дұға ететін. Бір күні түсінде Ибраһим (а.с) ды көреді, ол оған: «Сен өте көп дұға етіп сұрағандықтан, Алла сенің балаңа көзін қайтарды», - деген. Шынымен де келесі күні олардың қайғылары қуанышқа айналып, баланың көзі көре бастайды. Анасы онымен бірге мешітке барып, оны ғалымдардың сабағына жіберді. Ол ұлы ғалым болды және оның хадистер жинағы Алланың кітабынан кейінгі ең сенімді кітап болып табылады. Демек, ешбір ана, ұлдарын білім алуға жіберіп, олар имам Мәлік және Суфьян сияқты болып оралады деп ойламасын. Ана – бұл әр баланың өміріндегі бірінші және ең басты адам. Бала тәрбиесіндегі ананың алатын орны өте үлкен, оны кейбіреулері түсінбеуі мүмкін. Имам Малик рахимахуллаһ: «Алламен ант етейін, менің осындай болуымның басты себепкері – менің анам!», - деп айтқан. Ал Суфьян әс Сауридың анасы оған былай деп айтатыны туралы жеткізіледі: «Балам, білім ал, ал мен сені тоқымадан тапқан қаражаттан асырап бағамын».(Ол тоқыма кәсібімен айналысатын және одан біраз пайда табатын).Сонымен қатар, ол былай деп айтатын: «Балам, сен он хадис (басқа жерлерде он әріп деп айтылады) жазатын болсаң – өзіңе қара, тақуалығың және абыройыңның көбейгендігін анықта. Егер сен оны көрмеген болсаң, онда бұның сен үшін еш пайдасы жоқ, саған тек зиян әкеледі». Ибн әл-Жәузи «Сифату әссафуа»: «Ешбір ана, ұлдарын білім алуға жіберіп, олар имам Мәлік және Суфьян сияқты болып оралады деп ойламасын. Құпия имам Мәлік және Суфьянда емес. Құпия оларды жіберген адамда, яғни құпия имам Мәліктің анасында және Суфьянның анасында! Ақиқатында, Алла Тағала Қадір және Ұлық, балаларға пайданы олардың әке-шешесінің ниеттеріне қарай береді!» Осы ғалымдарды олардың аналары тәрбиелеген болатын және оларға әлемдегі барлық басшылар үйрете алмайтын әдептілікті үйреткен болатын. Осы әйелдер әлемге ұлы ғалымдарды және үлгі тұтар адамдарды сыйлаған болатын. Әйелдің ниетінің ұлылығы – Ұлы ерлердің шығуына әсер етеді.

Өткен ғасырларда әйелдер балаларын тамақтандырған кезде Алла Тағаладан оларды ұлы істер жасайтын ғалымдарға, биік тұлғаларға айналдыруын сұрайтын, сондықтан да біздің ата-бабаларымыз ұлы болған. Ал бүгінде көптеген әйелдер нәрестелерін ұйықтатамын деп тамақтандырады. Сондықтан бүгінде үмбетіміздің көп бөлігі ұйықтап жатыр...

материал «Әйел мен ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: