13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне сену

Біз, яғни иман етуші пенделер әу баста әмәнту билләһты айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендігіне сендік. Негізінде Алла Тағаланың шексіз құдіреті арқылы жер бетіндегі әрбір нәрсе жұп-жұбымен жаратылған. Жақсылық пен жамандық ұғымдары да бір біріне қарама қайшылық жұбы.

Тағдыр өзгере ме?

Алла Тағала жер бетіне келіп-кететін күллі тіршілік атаулының тағдырын әуелде Ләуһу Махфузда жазып қойған. Ләуһу Махфуз негізгі ана кітап болғандықтан Алланың одан басқа «Ләуһу Маху», «Лауһу Исбат» есімді тағдыр кітаптары бар.

Тағдырды сылтау ету дұрыс па?

Тағдыр мен қазаға иман ету – парыз. Бірақ пенде тағдырдың мәнін дұрыс тәпсірлемей, өз пайымымен қорытынды шығарап, сылтауратып жауапкершіліктен құтыла алмайды.

Адамның ерік-жігері мен қалау еркіндігі

Жаратушы алдында пенденің жауапты болуы не болмауы екі тұрғыда қарастырылады. Біріншісі - адамның қалауымен яғни ықтиярымен, екіншісі - пенденің қалауынан тыс болатын әрекеттер. Шариғатта бұны ихтияри (қалауымен) және изтирари (мәжбури) әрекеттер деп атайды.

Адам тағдырының жазылу мәселесі

Алла Тағаланың шексіз ілімі – өткенді, қазіргіні және келешекті де бірдей қамтиды. Сондықтан Жаратушының назарынан еш нәрсе тыс қалмайды. Құранда бұл мәселе жайында көптеген аяттар бар. Мысалы: «Алла олардың істегендерінің бәрін толық біледі» (Нұр сүресі, 41). «Алла олардың өткенін, келешегін біледі. Өзгелер оны толық білмейді» (Таһа сүресі, 110).

Тағдыр мен қазаға иман

Иман шарттарының алтыншысы – тағдырға иман. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді білдіреді.

Ақыретте болатын жағдайлар

Күллі адамзат қайта тіріліп, Аллаға есеп беру үшін махшар алаңына жиналады. Махшар алаңына жиналған адамдар рет‑ретімен төмендегідей кезеңдерден өтіп, соңында жәннәтқа лайықтыларына жәннәт бақыты, тозаққа лайықтыларына тозақ азабы бұйырады.

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты.