04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ғұлама ғалым Ибнул Жаузи: "Адамға жарасатын нәрсе – уақыттың қадірін біліп, оның әр сәтін ұтымды пайдалана білу", – деген екен.  Иә, әр адамға берілетін демалыс уақыты – бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыты. Сол бос уақытты өз игілігімізге қаншалықты дұрыс пайдалып жүрміз?! Сіздерге демалыс күндерін тиімді пайдалану үшін бірер кеңестерімізді ұсынамыз.

Ауылды сағынғанда ақиық ақын Мұқағали ақынның «Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды» деген өлеңі еріксіз ойыңа оралады да тұрады. Ол жайлы таңды – таңға ұрып әңгіме айтуға болады. Бірі шекер, бірі бал жақындардың жылылығының өзі жүрегіңді елжіретеді. Арнасынан аққан суы, биік шыңы, жартасы, тіпті, қара жердің өзінде ерекше тартылыс күші бар сияқты көрінеді. Жусаны мен жуасы бұрқыраған, кіндік қаның тамған жерге деген сағыныштың бал дәмі тым бөлек. Дәл бүгінгі таңда айрандай ұйыған, алақандай киелі шаңырақтың шаттығы бұзылмаған күйі ұрпақтан ұрпаққа қала берсе ғой деп армандайтын да болып алдық. Бұлай деуіме таяуда ғана ат басын ауылға бұрған танысымның әңгімесі себеп болды.

Бұл жазбамды қазаққа шын жаны ашитын жас жігіттерге арнаймын. Жұрт көзі үшін сөйлеуді, мақтан үшін әрекет етуді білмейтін, оңашада ел қамын ойлап, мазасы кететін, күйінген кезде «осы мен не істей аламын» деп уайым жейтін азаматтар, менің көптен ойлап, бүгін қағазға түсіріп отырған мына сөздерім сіздерге пайдалы болып қалар.

Айбек бала кезінен ерекше дарынды болатын. Есейе келе өмірдің өк­пек желі жігерлі баланы жаңсақ бас­тырып, өзге жолға түсіргендей. Иә, ауылдан абы­­роймен оқуын аяқтап  қалаға келгенде қадір-құрмет д­е­генді ұмыт қал­дыр­ған секілді. Себебі дос­пын деп жанынан шық­пай­тын нөкерлерінің мінез-құ­лықтары адам төзгісіз еді. Ата-анасының үмітін жағамын деп ар­ман қуып қа­лаға келген жанның жоспарынан жаңы­лып, тәртіпсіздікке салынып кетуіне де осылар себеп. Талпынысы биік бала өз білімімен жоғары оқу ор­нына да түс­кен еді. Енді, міне, бір жылға толмай өзгелерге алданып, әзәзілге арбалып жү­ріп, арманын аяқ­сыз қалдырды.

Ілгеріде бір адам мұсылман бауырынан бес жүз динар ақша қарыз алады.
Келісілген уақытта қайтара алмаған соң, қарыз беруші  адам қазыға барып шағымданады. Қазы қарызқор адамды зынданға салуға бұйырады.
Сол кезде қарыз алған адам қазыға: "Құрметті қазы мырза! Мені зынданға салғанын жанұям білмей қалады ғой. Тым болмаса жағдайымды айтып, қоштасып келсем бола ма? - дейді.

Бір атақты мұсылман ғалымның басынан өткен оқиғасы 

"Бір жолы жолым түсіп Мысырға бардым. Сапарым аяқталған соң Александриядан шығып Каир арқылы ұшатын болдым. Рейсім таңертең ерте болған соң, Каирдегі аэропорт жанындағы мешіт имамына достарым арқылы телефон соққызып, түн ортасында барып мешітте түнеп, таң намазын оқыған соң ұшаққа мінетінімді айттым. Сондықтан, мешітті құлыптамай, ашық қалдыруын өтіндім.

Жиырма екі араб мемлекеті бар. Кейбіреул­ер араб елі десе, бәрі бай ма екен деп ойл­айды. Негізінде төрт-бесеуі Кувейт, Қатар­, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктер­і ғана бай болса, қалғандары дамушы немес­е кедейшілік жайлаған елдер қатарына жата­ды.

Кеше жолым түсіп Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Ақжар мешітіне барып жақсы істің куәсі болдым.

Анау жолы мешіт жамағатына уақып жөнінде уағыз айтып, сол насихат кезінде Түркиядағы "Санки йедим" (Жегендей болдым) мешіті салынуы туралы сөз қозғап едім...

Өмірде нағыз банк біреу ғана. Ол -"садақа банкі". Бұл дүниеде не салсаң, ақыретте пайдасын көресің.

Мешіттің жамағаты болған мінезі қатты бір жігіт имамға: "Кешке дейін сахаба-сахаба дейсіз. Біздің олардан қай жеріміз кем?!",-деп сөйлейді.

Имам: "Бауырым, олай деп айтпаңыз. Біз ешуақытта олардай бола алмаймыз. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): "Басқалар Алла разылығы үшін Ухуд тауындай алтын садақа берсе де, сахабаларымның Алла жолында берген бір уыс арпа садақасының сауабына да жете алмайды," - деген.

Имам Шафиғи бір күні ерте таң намазынан кейін үйіне қайтып бара жатқанда, жолда бір кісіні кездестіреді. Ол кісі сәлем беріп, Имам Шафиғиден қал жағдайын сұрап, “қалай таң атырдыңыз?” деп сұрайды.