12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Өткен бір заманда бір патша базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына шақырып:

Мейірімді, Алла Тағала Дәуiт пайғамбарға жалғыз ұл бердi. Пайғамбар оның атын Сүлеймен деп қойды. Сүлеймен тумысынан өте зерек, кез келген құбылыстың сырын, кез келген жануардың тiлiн бiлуге құмартып тұратын. Алла Тағала оның сол әрекеттерiне қарай оның бойына ерекше қасиеттер дарытты. Сүлейменнiң, алейһиссәлам, құдiретi – қолындағы жүзiгiнде едi.

Адамға берілетін ең үлкен сынақтардың бірі – мансапқақұмарлық. Кейде тағдырдың жазуымен сізден жиырма жас кіші біреу келіп сізге басшылық етуі мүмкін. Мұндай кезде бағынышты кісі тәкаппарлыққа салынбай, әрқашан басшыға бағынуы керек. Әйтпесе әлгі кісі пасықтыққа баруы мүмкін.

Мәджмә’уль-әнһур» еңбегінің авторы Мұхаммед ибн Сүлеймен «қадірлі күйеу бала» деген лақап атпен танымал болған кісі. Себебі бұл Алланың арлы құлы білім алып жүрген кезінде түн жарымда сығырайған шаммен де ілім ізденетін, көп оқитын.

15-16 жас шамасында Ислам әдебінен бейхабар кезінде төңірегіндегі әйелдерге сұқтана қарап жүрген Жүләйбиб есімді жас сүйікті Пайғамбарымызбен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолығып, ақиқатты танып, ақиық елшінің дұғасын алып Мәдина қаласының ең арлы жігітіне айналған. Көп уақыт өтпей Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оң жақта отырған қызы бар үйге құда түсіп оны үйлендіреді. Арада үш-төрт апта өткен соң мұсылмандар шайқасқа аттанады. Осы шайқаста Жүләйбиб (р.а.) шейіттіктің шәрбатын татып, ерлікпен қаза табады.

Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды жігітке тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да:

Ертеде бір жігіт болыпты, күнделікті өміріне жеткілікті байлығы бар және өзінің ерекше жақсы көретін сандығы болыпты. Ол сандықтың ішініе бағалы заттары мен алтын, күмістерін сақтайды екен.

Саңлақ сахаба хазірет Әбу Бәкір (р.а.) бірде жалғыз жаңғаққа таласып, бір-бірімен төбелесе жаздаған екі баланы ажыратып: «Осы бір жаңғаққа бола таластыңдар ма, әкеліңдер, екеуіңе теңдей етіп бөліп берейін», – дейді.

Ертеде бір шаhарда мейірімді, дана қарт өмір сүріпті. Күндердің күнінде саудагерлер сату үшін шаһарға темекі алып келіпті. Шаһар тұрғындары бұрын көрмеген тауарды қызық көріп, саудагерлерді қаумалап қоршай алады. Саудагерлер:

Отыз жыл ораза ұстаған адам бiрде құдық басына келiп, су алу үшiн кезекке тұрады. Ол кезек қанша үлкен болса да, таласып-тармаспай сабыр сақтап тұрғанда, кезектiң соңғы жағынан бiреу айқайға басып: