12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Өмірде нағыз банк біреу ғана. Ол -"садақа банкі". Бұл дүниеде не салсаң, ақыретте пайдасын көресің.

Мешіттің жамағаты болған мінезі қатты бір жігіт имамға: "Кешке дейін сахаба-сахаба дейсіз. Біздің олардан қай жеріміз кем?!",-деп сөйлейді.

Имам: "Бауырым, олай деп айтпаңыз. Біз ешуақытта олардай бола алмаймыз. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): "Басқалар Алла разылығы үшін Ухуд тауындай алтын садақа берсе де, сахабаларымның Алла жолында берген бір уыс арпа садақасының сауабына да жете алмайды," - деген.

Имам Шафиғи бір күні ерте таң намазынан кейін үйіне қайтып бара жатқанда, жолда бір кісіні кездестіреді. Ол кісі сәлем беріп, Имам Шафиғиден қал жағдайын сұрап, “қалай таң атырдыңыз?” деп сұрайды.

Көлдің басында отырған адамның назары бір итке ауады. Қатты шөлдеген ит көлдің басына келеді де су ішер кезде, кері қарай бұрылып, қаша жөнеледі.

Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұр. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін, оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл әрине, жалған болатын. Өйткені алдыңғы қатарда өзі жақсы көре қоймайтын бір бала бүрісіп отыр. Басқа оқушылар да онымен былтырғы оқу жылында танысқан. Сол кездің өзінде-ақ, ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын, және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай күлімсі иіс шығатынын байқаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы өзгере бастады. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екілік деген бағаны аямай қоятын жағдайға жетті.

Алла тағала бұл дүниеде әрбір тіршілік иесін жұп- жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл- ес, сана-сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі ерсі  секілді. Сондықтан да етек- жеңін жиып, әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық. 

Кез келген пенденің денесінде бір кесек ет бар. Ол - жүрек. Сол жүрек күнә істесең қараяды, дүние қусаң жарылады. Ал оны ақшамен жамаймын деу бекершілік. Оны тек дүние мен ақшадан алыс қылатын иман ғана жамай алады. Шайтан пендені кедейлікпен қорқытады. Ал оған иманы әлсіз пенденің жүрегі қарсы айырылады. Сондықтан да иман күшті болса, жүрек жарасының емі сол!

Ибраһим пайғамбардың бойындағы ең тамаша ерекшеліктердің бірі, жомарттығы мен қонақжайлылығы еді. Оның дастарханында күн сайын танитын яки танымайтын қонақтардың келуін қалайтын.

Осман  империясының 10-шы падишахы Сүлеймен Сұлтан (1494-1576)  46 жыл  ел басқарып  ең  көп  тақта  отырған  әрі  ең  көп жорыққа шықан падишах. Сол падишах өлім  аузында  жатқанда  өзінің әскери қолбасшысын шақырып: «Ертең  алда-жалда дүниеден өтіп кететін болсам, мынандай үш өтінішімді  өсиет етемін » – деп айтқан  екен:

Физмат факультетінің бір профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “Ал бұл болса жетістіктеріңіз.