08
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Бүгінгі болашағымыз үшін жастығын берген ардагер қариялар – қандай құрметке болсын лайықты жандар. Жалынды жастығын уақыт жүктеген жауапкершілікке алмастырған қайсар батырлар қатары жыл өте сиреп барады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дәстүрлі діни танымды, төл мәзһабымызды кеңінен насихаттау мақсатында Діни басқарма жанынан Республикалық ақпараттық-насихат топтарын құру туралы бастама көтерген еді. Бас мүфти тапсырмасына орай ел аумағында Республикалық және жергілікті ақпараттық насихат топтары құрылып, бүгінде білікті теолог, дінтанушылардан құралған топтар жемісті қызмет етуде.

Бүгін мамырдың бірі – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі. Бірлік мерекесіне сәйкес келген қасиетті жұма күні Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминов  «Нұр Астана» және «Кунта қажы» мешіттерінде «Дінаралық достық, ұлтаралық татулық  пен сыйластық» тақырыбында жұма уағызын жүргізді. Дін мамандары ел бірлігі, ұлттар мен ұлыстардың татулығы туралы шариғат аясында мазмұнды уағыз айтты.

Республикалық ақпаратық-насихат тобы бүгін кешкілік қос мешітте насихат жұмыстарын жалғастырды. ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ-ның белгілі теологы Арман Қуанышбаев «Сәдуақас Ғылмани» мешітінде болып, жиылған жамағатқа ардақты пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның намазы туралы уағыз айтты.

Астанға арнайы сапармен келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) теолог ғалымдары Арман Қуанышбаев пен Нұрмұхаммед Иминовтың кездесулер легі Астана іргесіндегі Қырқыншы станса тұрғындарымен және «Абу Даби Плаза» құрылыс кешені жұмысшылары ортасында жалғасуда.

Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) іссапары қаладағы түрлі әлеуметтік ортада, мемлекеттік және өзге де мекемелерде жалғасын табуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) іссапары барысындағы кездесулер легі Елорда ендігінде жалғасын табуда.

ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобының жұмысы жалғасуда. Бүгін РАНТ мүшелері, белгілі дін мамандары Астана теміржол вокзалы мен Қазақ технология және бизнес университетінде кездесулер өткізді.

Бүгін ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ-ның білікті дін ғалымдары Астанаға іссапармен келді.

Әлемдік сипат алған дін атын жамылған ағымдар бүгінде бұқараның ойын сан-саққа жүгіртіп қойды. Ағымдардың дінге де, заңға да қайшы әрекеттеріне елімізде де тосқауыл қоюдың жан-жақты қарекеттері жасалуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазақ топырағындағы дәстүрлі ислам діні мен салт-санамызды жаңғырту, дінді дәстүрмен қатар насихат етіп, дәріптеу мақсатында бірқатар ауқымды шараларды, іргелі жобаларды қолға алған еді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алға қойған басты бағыттардың маңыздысы – уағыз-насихат насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Діни басқарма жанынан және аймақтарда республикалық-жергілікті ақпараттық насихаттар топтары құрылып, бұл бағытта өңірлерде дін насихаты кеңінен жүргізіле бастады.