15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Үй ішіне сурет ілу дұрыс па, бұрыс па?

Үй ішіне сурет ілу дұрыс па, бұрыс па?

Пәтуа all

Ескерткіш мүсін кейпінде жасалмаса, қағаз, шүберек, тақтай секілді заттарға салынған суреттер жөнінде бұлардың халал немесе харам екендігіне қатысты нақтылы хадистер жоқ.

Алайда суреттің тақырыбына, сурет иесінің мақсаты мен ниетіне және қолданылған орны мен тұрған жеріне қарай Ислам ғұламалары түрлі үкімдер жасаған. Киелі мәні бар немесе табынатын нәрселердің суретін салу, оны ілу харам; Ислам әдебіне жат, жалаңаш тәнді суреттерді салу және ілу де харам; Жанды тіршілік иелерінің суреттерін салу және қолдану мүбаһ.

Ибн Аббас бір суретшіге сурет салуға қатысты тыйым салынғандығын айтқаннан кейін: «Сурет салмасам болмайды дейтін болсаң онда рухы жоқ (адам бейнесінен тыс) заттардың суретін сал», – деп ескерту жасаған. Жанды тіршілік иелеріне келер болсақ, Пайғамбарымыз бұларды құптамаған. Бұдан шығар қорытынды мынадай: суреттер қандай да бір діни тағзым немесе табынуға арналмаса рұқсат бар. Бұл жерде ең маңызды мәселе – таухидтің қорғалуы. Тахауидің мына айтқандары да ойымызды қуаттай түседі: «Бізге жеткен хадистерде киімнің үстіндегі суреттер тыйым салынған әрі шектен тыс екендігін аңғартуда. Тыйым салынған суреттерге христиандардың шіркеу қабырғаларына салған немесе кенепке салып қабырғаға ілген суреттері жатады».

Ислам дінінің суретке қатысты ұстанымынан түсінеріміз, ардақты Пайғамбарымыз әуел баста таухидті санаға жақсылап сіңіру мақсатында сурет мәселесінде өте қатал ұстанымы болғанмен кейін келе зияны жоқ суреттерге рұқсат берген.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: