15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Құлшылық үшін қандай тазалық керек?

Құлшылық үшін қандай тазалық керек?

Пәтуа all

Тазалық  жайлы  кітаптарда  үнемі  «хадас»  сөзі  қолданылған. Діни әдебиеттерде дәреттің болмауы мен  жүніптік жағдай «хадас» деп аталады. «Хадастан таха-рат» деп осы діни тазалық айтылады.  Хадастан тахарат – дәреті болмаған кісінің дәретін жаңалауы, ғұсыл алуға тиіс адамның ғұсыл, яғни бой дәретін  алуы.  Тазалықтың  бұл  түрінің  сыртқы  кір-қоңды  кетіру  секілді  денсаулық  тұрғысынан  пайдасы ұшан-теңіз. Бұған қоса, басқа да көптеген хикметтері бар. Хадастан арылудың 2 түрлі жолы бар:

1. Дәрет алу. іш босату, қызылиектің, мұрынның қанауы  жағдайында  дәрет  бұзылады  да  кіші  хадас пайда болады. Бұл күйден тазалану үшін дәрет (таха-рат) алу жеткілікті.

2. Ғұсыл  алу – жүніп  болу,  етеккір  көру   секілді хадас  күйінен  тазарыну  үшін  міндетті  түрде  қажет. Өйткені,  бой  дәретін  алмайынша жүніп  болған  кісі намаз оқи алмайды. Тап солай етеккірі келген немесе жас босанған әйелдер де намаз оқи алмайды. Әйелдердің хайыз  күндері  аяқталған  соң  намаз  оқу  үшін  ғұсыл алуы  шарт. Ғұсыл  алу  үшін  су  таба  алмаған  немесе су  тапса  да  әжетке  жаратуға  мүмкіндігі  жоқ  адамдар тәйәммүм  жасайды.  Сондай-ақ,  тиләуәт  және  шүкір сәждесін орындау үшін де хадастан арылу шарт. Әйелдер  үзірлі  күндері  намаз  бен  ораза  секілді ғибадаттарды  орындаудан  босатылған. Құран  Кәрім етеккір  көрудің  әйелді  қажытатын  дімкәстік  екенін білдіріп,  сол  уақыттарда  жұбайлардың  жыныстық қатынас  жасауына  тыйым  салады күндері оқымаған намазының қазасын өтемейді, бірақ ұстай алмаған оразасының қазасын кейін өтейді.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: