13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Бетке опа-далап, тырнаққа лак жағып намаз оқуға бола ма?

Бетке опа-далап, тырнаққа лак жағып намаз оқуға бола ма?

Пәтуа all

 

Мен бес уақыт намаз оқимын. Кейде бетіме макияж жасап, тырнағымды бояймын. Дәрет алатын кезде, бетімдегі бояуды сүртпестен жуа беремін. Кейбіреулер бұның дұрыс емес екенін айтады. Осыған не дер едіңіз?

Шариғат бойынша, бетті жуу, қолды шынтаққа дейін жуу, бастың төрттен бір бөлігіне мәсіх тарту, аяқты тобыққа дейін жуу – парыз. Сұрақтағы бет пен қолды шынтаққа дейін бір рет жуу дәреттің аталмыш төрт парызының қатарына жатады. Яғни, бұл мүшелерде су тимеген ине шаншар орын қалмауы керек. Егер жағылған бояу дәрет алғанда бетке (қас, кірпік, иек, жақ, ерін мен мұрынға) судың өтуіне кедергі жасайтындай қалың болса, дәрет дұрыс болмайды. Себебі бетке жағылатын кейбір косметика түрлері судың теріге өтуіне кедергі болады. Ал бір шайғаннан қалмайтын косметиканың зияны жоқ. Бұл қолға да қатысты. Алайда тырнақтағы бояу бір шайғаннан кете қоймайды. Ол үшін бояуды кетіріп барып дәрет алу керек.

Дәрет алу барысында дене мүшелеріне су тигізу қажеттілігін айқын көрсететін Алла елшісінің мына бір хадисін Омар ибн Хаттаб (р.а.) былай жеткізеді: «Әлдебір адам дәрет алған сәтінде, аяғының тырнақ көлеміндей жеріне су тимей қалады. Мұны көрген Алла елшісі: «Дәретіңді қайта ал», – деді. Әлгі кісі қайта дәрет алып, артынан намазын оқыды».
Егер ерініп немесе қиынсынып дәрет алудың парыздарына немқұрайлы қарап, ноқаттай жеріне су тимей қалса, дәрет жарамсыз саналады. Ал сырқаттанған, жарақаттанған адам шамасы келгенше дәрет алады. Жарақатына су тиген жағдайда асқынып кету қаупі болса, ондай жерлерді ылғалды қолмен үстінен бір сипап (мәсіх тартып) өтсе жеткілікті. Егер дәрігер тарапынан ол да тыйым салынған болса, онда су тигізбеуге болады. Дәреті дұрыс болып саналады.

материал «Әйелдерге арналған ғылымхал (cұрақтар мен жауаптар)» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: