13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Хиджама жасатудың арнайы уақыты бар ма?

Хиджама жасатудың арнайы уақыты бар ма?

Ислам тарихы

«Қан алдырған адамның басқа емге жүгінбеуіне болады» (Әбу Дәуіт, Тыбб, 4).

Ардақты пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі бір жолы Әбу Тайба атты кісіге басынан қан алдырып, артынша ақысын ұстатып тұрып «Қан алдыру сіздер үшін емделу тәсілдерінің ең тиімдісі» деген екен (Бұхари, Тыбб, 13).

Ибн Аббас (р.а.) Миғражға шыққан түні әр кездескен періштелердің Расулаллаһқа «Үмбетіңе қан алдырып тұруды өсиет ет» дегенін риуаят еткен (Тирмизи, Тыбб, 12).

Сүннетте қан алдыру үшін қамари айлардың 17, 19 және 21-күндері дұрыс делінген. Ибн Сина да өз еңбегінде қамари айлардың басы қан алдыруға тиімсіз екенін, сол үшін ортасынан ауа қан алдырудың дұрыс болатынын айтқан. Өйткені қамари айлардың басында ағзадағы қанда азаю байқалады деп түсіндірген (Ибн Сина, Қанун, 1, 212 б.).
Бұған қоса, Ибн Омар (р.а.) риуаят еткен хадисте Расулаллаһ (с.а.с.) қан алдыру үшін дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндерін атаған (Ибн Мажә, Тыбб, 22). Сахабалар қатты ыстықтың зардабынан қан алдыру арқылы қорғанған. Ал бұрынғының дәрігерлері бұған көктем мен күз мезгілдерін жөн деп тапқан. Дегенмен қан алдыру үшін уақыт талғамау керек деген пікір айтқан ғалымдар да болған (Захрауи, әт-Тәшриф лимән ажаза анит- тәлиф, ІІ, 541 б).

материал «Сенім және ақиқат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: