15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Құран жаттау құпиялары

Құран жаттау құпиялары

Ислам тарихы

Арман

Ең алдымен адамның бір арманы болу керек, яғни, өзіне жету қиын сияқты көрінген дүниелер болуы керек. Мысалы, Құранды толық жаттау, Бір параны 15 минутта оқу, бір күнде Құранды хатым ету деген сияқты. Осы арман адамда болған кезде, соған деген талпынысы ояна бастайды. Ал егер жəй əшейін Құран үйренем деген ниет болса, ұзаққа бара алмайсыз.

Яғни, сіз армандау арқылы өз-өзіңізге шабыт, мотивация бересіз. Неге? Өйткені сіз сол нəрсеге жетуді көздеп отырсыз. Ол бірден болып кетпейді, алайда уақыт өте келе, орындалады. Оған 2-3 жыл кетуі мүмкін. Сабырлық танытып, алға қарай жылжи беріңіз. Сіз əрекетін еткен сайын, Алла тағала берекетін береді.
Сол үшін арманыңызды айқындап алыңыз. Тағы да ашықтай түсіндірсем, сіздің баратын бір жеріңіз болу керек. Мысалы сізде арман болса, 2 жылдан кейін жететін жетістігіңізді шамалап біліп отырасыз. Сол арқылы арманыңызға жетесіз. Армандар орындалады.

Мақсат

Келесі орындалуы керек дүние, ол мақсат. Сіз өзіңізге мақсат қойыңыз. Мынанша уақытта мынанша сүре жаттаймын, немесе бір бетті пəлен минутта оқимын деген секілді.
Жəне сол мақсатқа жетуге тырысыңыз. Қатты үлкен, шамаңыз келмейтін мақсаттарды қоймаңыз. Өзіңізге сенімді, жасай аламын деген дүниелер болсын. Жəне сол мақсатқа қарай əрекет жасаңыз.

Артық заттардан арылу

Бұл өте маңызды. Себебі адам тек бір нəрседе ғана фокусы болады. Екі нəрсені бірге алып жүре алмайды. Сол себепті өзіңізге артық болып көрінген дүниелерден, инстаграмдағы керек емес, бос дүниелерден, ватцаптағы кірмейтін, мазалайтын группаларды уақытша болса да дауысын өшіріп қойыңыз
Сіздің мазаңызды алмауы, уақытыңызды алмауы керек. Сол себепті артық заттардан барынша арылып, бар фокусыңызды Құран үйренуге қойыңыз.

Музыка, кино

Сол секілді музыка, кинолардан барынша арылған жөн. Киноны аптасына 1-2 рет көрсеңіз болады, сергіп, демалу үшін. Күнде кино көру, ол миыңызға кері əсерін береді. Дəл сол сияқты музыка да есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ең абзалы, Құран тыңдау. Жəне кино музыкалардан алыстаған жөн.

План құру

Сіз белгілі бір жолмен жүрмесеңіз, жолдан тайып кетесіз. Сол себепті сіздің бір планыңыз, жүретін жолыңыз болуы керек. Өзіңізге план құрыңыз. План кішкене мақсатқа ұқсас болып келеді. Бірақ ерекшелігі, планды күндерге бөлесіз. Мысалы, бір күнде мынанша бет оқимын, мынанша қатар жаттаймын деген секілді. Жəне күнделікті қадағалап отыру керек, өзіңіздің планыңызды, оқылуы тиіс дүниелерді. Сол үшін план қою маңызды.

Айнала

Құран жаттаған кезде айнала, орта өте маңызды. Себебі олар сізге қатты əсер етеді. “Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтып берем” деген сөз бар қазақта. Сол себепті, көбінше діни ортаға түсуге тырысыңыз. Айналаңызды Құран үйреніп жүрген, оқып жүрген жандармен толтырыңыз.
Тағы да қайталаймын, айнала өте маңызды!!!

Өзіңмен болу

Өзіңмен болу дегеніміз, ешкімнің сөзіне құлақ аспау. Айтайын дегенім, аяқтан шалатындар, сізді артқа тартатындар болуы мүмкін. Сол үшін сіздің адресіңізге негативті сөздер келсе, құлақ аспаңыз.
“Мынау тақуа болып кетіпті”, “дүмше молда” деген секілді сөздерді естуіңіз мүмкін. Сол үшін қандай жағдай болмасын, өзіңізбен болыңыз, жəне берілмеңіз.

Режим

Əрине барлық жерде ереже, тəртіп болуы керек. Сол себепті сіз де өзіңізге режим қойып алыңыз. Мына уақытта Құран оқимын, мына уақытта жаттаймын деген секілді. Жəне сол ережемен жүруге тырысыңыз.

Есте сақтау қабілеті

Құран жаттау үшін есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек. Сол кезде сізге жаттау оңайға соғады. Сол себепті есте сақтауды жақсартатын жаттығулар, пайдалы ас, жеміс жидектер жегеніңіз жөн. Жаттығуларды ютуб желісінен көрсеңіз болады. Сізге еске сақтау қабілетін жақсартатын бірнеше пайдалы өнімді айтып кетейін:

Құран көп оқу;

Пайғамбарымызға салауат айту;

Зікірлер;

Мисуак қолдану;

Бал;

Күнжітті қантпен жеу;

Күнде аш қарынға 21 түйір қызыл мейіз;

Кері əсер ететін:

Харам нəрселер төмендетеді;

Уайым қайғы да кері əсерін береді;

Көк корианр;

Қызыл алма;

Қабірлердегі жазуларды оқу;

Желке шұқырына хиджама жасату.

Құран тыңдау

Құранды көп тыңдау, адамның Құранға деген қызығушылығын арттырады. Құранды көп тыңдау, жаттаған жеріңіз болса, қатеңізді түзеуге көмектеседі. Жаттамаған жеріңіз болса, көп тыңдасаңыз, жатталып қалады. Қалайша кішкентай балаға бір сөзді айта берсең жаттап алғаны сияқты, Құранды көп тыңдасаңыз, сізде жаттап аласыз.

Құранды оқу

Құран оқу, жаттау кезіндегі ең маңызды процесс. Сол себепті Құран оқуға көп көңіл бөліңіз. Аз да болса күнделікті Құран оқыңыз. Күніне жарты сағат Құран оқу деп ниет етсеңіз, күнде оқып жүретін болсаңыз, сіз жақсы нəтижеге жетесіз. Уақыт алады, бірақ нəтижені көресіз.
Құран оқу, сіздің миыңызды артық ақпараттардан тазартады. Оқуыңызды жақсартады.

Ескере кететін жайт, Құран оқыған кезде, 1 бетті қанша минутта оқисыз, соны есептеңіз. Ең алғашқы күн, жəне 1 айдан кейінгі нəтиже. Барлығын ескере отырып, нəтижесіне қараңыз. Кейін 3 айдан кейінгі нəтижені салыстырыңыз.Осылайша сіз өзіңізге шабыт сыйлайсыз. Сол кезде Құранға деген махаббат, талпыныс арта түседі. Былайша айтқанда, сіз өзіңізді мотивировать етіп отырасыз.

Аздан бастау

Құран оқығанда, Құран жаттағанда ұстанатын ең маңызды ереже, аздан бастау, жəне тұрақты болу. Көп жаттаймын деп көп алу, ары кетсе 1 апта шыдарсыз. Сол себепті аздан бастаңыз, тұрақты болыңыз. Күніне 3 қатардан, 2 қатардан бастасаңызда, тұрақты түрде əрекет жасаңыз. Уақыт өте келе қоса берерсіз. Бірақ, бастамасына көп алып қойсаңыз, көтере алмай қаласыз.

Жəне де өте аз болып кетпеу керек. Мысалы, сіз Құран оқуға кірістіңіз. Сіз 1 сағат оқимын десеңіз, ол сіздің нəпсіңізге ауыр келеді. Сіз бұл жолмен көпке жете алмайсыз. Немесе 10 минут деп қойсаңыз, тым жеңіл. Сол себепті ортасын ұстаңыз. Яғни, жарты сағат оқу нəпсіңізге жеңіл тиеді, сізге де ауыр келмейді.
Сол сияқты 10 қатар жаттаймын деп алсаңыз, ауыр тиеді. 1 қатар да тым жеңіл болуы мүмкін. 3 қатар нəпсіге де жеңіл, оқуға, жаттауға да оңай келеді. (Шамаңызға қарай есептеңіз).

Түнде, азанда оқу

Түнде жатардың алдын, жəне азанда таң намазынан соң Құран оқыңыз. Түнде жатар алдын оқыған кезде ол миға сіңіп, былайша айтқанда фундамент қаланады. Азанда таң намазынан соң жаттауға кіріссеңіз, сізге жаттау өте оңайға соғады.
Сол себепті түнде, азанда оқыған өте пайдалы əрі жақсы көмектеседі.

Төменнен жаттау

Тағы жұмыс жасайтын, пайдалы техникалардың бірі, төменнен жаттау. Яғни, бірінші ең соңғы аятты жаттайсыз. Одан кейін алдыңғы аятты. Екі аятты қосасыз, одан кейін алдыңғы аятты жаттап, 3 еуін қосасыз.

Мысалы, Ықылас сүресін жаттауға кіріссеңіз, бірінші 4 інші аятты жаттайсыз. Одан соң 3 інші аятты. 3 пен 4 ті қосып оқисыз. Одан соң 2 аятты оқып, 2-3-4 қосып оқисыз. Соңында 1 інші аятты жаттап, 1-2-3-4 аяттарды қосып оқисыз. Осылайша бір сүрені немесе бетті жаттайсыз. Бұл техника есте қалуды жақсы қалвптастырады. Осылай жаттау арқылы сіздің есіңізден шықпайтын болады. Түркиядағы қарилар, медреселер осы техникамен жаттайды. Мен өзім де осы техникамен жаттадым.

Жоғарыдан төменге

Енді сіз жаттап болдыңыз делік. Келесі кезекте, осы жаттаған бетіңізді қайталау керек. Ол үшін жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қайталайсыз. Мысалы: "Ықылас" сүресін жаттадыңыз, қайталайтын кезде, 1-2-3-4, 4-3-2-1 аяттарды жатқа айтасыз. Жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға. Осы əдіспен қайталасаңыз, есіңізде жақсы қалады.

Қайталау

Құран ұмытпаудың ең басты орындалуы қажет нəрсе, қайталау. Жаттаған Құраныңызды жиі қайталап тұру керек. Жаттаған соң, ертеңі күні міндетті түрде қайталаңыз. 4 күннен соң тағы бір рет қайталаңыз. 10 күннен соң, 1 айдан соң тағы қайталаңыз.
Сол кезде ұмытылмайтын болады.

Тапсыру

Жаттаған құраныңызды білетін адамға, ұстазға тапсырыңыз. Қателеріңізді түзетіңіз. Жаттаған адамға тапсырғаныңыз жөн. Сіз жаттаған жерді жаттамаған болса, қателеріңізді табу қиын болады. Сол үшін тапсыру маңызды.

Демалыс

Құранды үздіксіз оқи беруге де болмайды. Арасында демалу керек. Аптасына 1 күн, 1 сағатта 10 минут деген сияқты. Бұл үшін помодоро əдісін қолдансаңыз болады. (Интернеттен қараңыз). Сол кезде жаттау жеңіл болады.

Қарилермен араласу

Жоғарыда айтқанымыздай, айнала қатты əсер етеді дегенбіз. Құран жаттаған, жаттап жүрген адамдармен араласу да сізге əсер етеді. Сынықтан басқасының бəрі жұғады демекші, сол кісінің де құранға деген ынтасы сізге əсер етіп, шабыт сыйлайды. Сол үшін айналаңызды діндегі, құран жаттап жүрген адамдармен толтырыңыз. Жаттаған сүреңіздің, аятыңыздың мағынасын қараңыз, мүмкіндік болса, мағынасымен жаттаңыз. Сол кезде не жаттап жүргеніңізді білетін боласыз.

Амал ету

Жəне ең соңғысы əрі ең маңыздысы, амал ету. Ең қиыны да осы амал ету болып саналады. Жаттаған аяттарға амал етуге тырысыңыз. Ол үшін мағыналарын білуіңіз керек. Сол үшін мағынасын да оқи жүріңіз. Көбірек амал етуге тырысыңыз.

Амал ету дегеніміз – Алланың айтқан сөздеріндегі (аяттардағы) бұйрықтарды орындау. Тиғаннан тиылу, бұйырғанын жасау секілді.
Алла Тағала барлығымызға Құранды жаттап, амал етушілерден болуымызды нəсіп етсін.
Мен бар білген біліммен бөлістім. Сіздерге пайдасы тиер деген ойдамын. Алла Тағала Құран жаттағандардың қатарынан қылсын.

материал «Құран жаттау құпиялары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: