13
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Ғұмырын Құранға арнаған ғалым аналар

Ғұмырын Құранға арнаған ғалым аналар

Ислам тарихы

Ғұмырын Құранға арнаған ғалым аналар:

Әйелдер арасында тәжуйд қырағаттардың маманы, тізбектерді жеткізуші ғұлама аналарымыздың бірі – Умм ас-Саад бинт Мұхаммад Али ибн Нәджм 11.07.1922 жылы Каирден алыс емес, “әл-Бандарийа” ауылында дүниеге келген. 1 жасында қатты ауырып, көз-жанарынан айырылады. Солай ата-анасы көзін емдеуге жағдайлары болмайды. Бұл кісі әйелдер арасында 10 сахих жолмен Құран оқудың жалғыз маманы. Құраннан 50 жыл тәлім беріп, иджаза берген. Умм ас Саад көзі көр болғанына қарамастан, Александриядағы “Хасан Субх” мектебіне оқуға түседі. Құраннан беретін ұстазы Умм ас Саадтың Құран жаттауда ерекше қабілетін байқап, онымен қосымша айналысатын болады.

Мектепті 15 жасында бітіріп, Құранды толық жаттап шығады. Содан кейін сол уақыттың белгілі ғалымы Шейха Нафиса бинт Абу әл-Аьля ға Құранды 10 сахих жолмен оқуды үйретуді сұрайды. Шейха Нафиса өтінішін қабылдайды. Бірақ бір шарт қояды.Ол шарт – өмірінің соңына дейін тұрмыс құрмау еді. Өйткені тұрмысқа шыққан қыз үй, бала-шаға шаруасынан босамай, Құранға қызмет етуден алыстайтын еді. Умм Саад келіседі.

Ал Шейха Нафиса өзіне жараса қаталдығымен, талап ету қасиетімен белгілі еді. 80 жас өмірінің соңына дейін тұрмыс құрмай өтеді. Түрлі беделді кісілер қолын сұрап келсе де, бәрінен бас тартып,бүкіл ғұмырын Құранға арнайды. Солай Умм Саад 23 жасында 10 сахих қырағаттан шейха Нафисадан иджаза алады. Умм Саад 60 жасында айтады: Құранды 60 жыл есте сақатағаным, үнемі оқып, қайталағаным сондай әр аяттың қай сүреде, қай джузде, бір-біріне ұқсас аяттар және олардың 10 жолмен қалай оқылатыны бәрі есімде. Және мен Құраннан және Құранға қатысты ілімнен басқа ешқандай ілім оқып, жаттамағанмын, - дейді. Умм Саад өзінің алғашқы шәкірті болған, Александрияда атақты қари болған шейх Мұхаммад Фарид Нұғманға тұрмысқа шығады.

Өз сөзінде: «Мен ұстазыма берген уәдемде тұра алмадым. Өйткені жолдасым мен сияқты көзі көрмейтін, жастайында құран жаттаған және менде 5 жыл, 10 қырағатты үйренді. Оқуды бітіріп маған ұсыныс жасады, ал мен қабыл еттім»,-дейді.

Умму Саад күйеуімен 40 жыл отандасты. Бірақ араларында бала болмады. Бұл жайлы Умм Саад анамыз: Аллаға мақтаулар болсын! Алла тек хайырлысын береді. Егер менің балаларым болғанда, Құраннан алыстап кетер ма едім, - деп Алланың тағдырына разы болды. Умм Саад Рамадан айының 16 шы жұлдызында 2006 жылы 81 жасында қайтыс болады. Жаназа намазы Александриядағы “ибн Халдун” мешітінде өтті.

Фатима бинт Ибрахим ибн Джаухар

Хиджраның VIII ғасырының басында хадис ғалымы Фатима бинт Ибрахим ибн Джаухар анамыздың аты кеңінен танымал болды. Оның басшылығымен атақты Имам әз-Захаби мен Имам әс-Субки "Сахих Бухари" хадистер жинағын толық зерттеді. Сол кезде оның әйгілі болғаны соншалық – хадис үйренуші талабалар Фатима анамыздың қажылыққа бара жатып, Мадинаға жеткенін білген бойда, одан Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітінде сабақ беруін сұрайтын.

Мараккештен келген Ибн Рушейд ас-Субки рахимаһуллаһ оның сабақтарының бірін былай сипаттаған: «Фатима бинт Ибрахим ибн Джаухар Мұхаммед Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қабірінің алдында сәл сүйеніп отырды. Сабақтарының бірін қартайған кезінде студенттердің әрқайсысының қатысуымен берілген хадистердің таралуы туралы қағазға (иджазаға) қол қойып аяқтад.» Осы және басқа да оқиғалар ғалым аналарымыздың көлемді мешіттердің бірінде сабақ беріп, ілім таратуда маңызды рөл атқарғанын айқын көрсетеді.

Умм Хани Мәриям

Һижри бойынша 778-871 жылдары өмір сүрген. Құранды бала кезінен жаттап, ислам ғылымдарымен қатар, теологияны, фиқһты, тарихты, грамматиканы зерттеген. Уақыт өте келе хадис туралы ізденіп, Каир және Меккеде өз заманының ең мықты хадис ғалымдарынан дәріс алған. Сондай-ақ, ілім жолында саяхаттаған. (Кемінде 13 рет қажылық жасаған деп келеді).

Кейінірек Кайр университетінде дәріс беріп, көптеген ғалымдарға иджаза берген. Ол әйгілі Ибн Фахдқа жетекшілік етіп, хадис бойынша бірнеше еңбекті зерттеуге үлесін қосқан. Ғалым анамыз араб тілінiң майталманы ретiнде, ерекше поэтикалық талантымен және тақуалығымен көзге түскен. Осыған қоса, араб каллиграфиясын да жетiк меңгерген. Оның ұлы Хани 10 ғасырдың әйгілі ғалымдарының бірі. Ол анасының жанында болып, өмірінің соңына дейін қызмет етуге тырысқан екен.

Имам Маликтің рахимаһулллаһ қызы

Фиқһ пен хадистің ұлы имамы имам Малик рахимахуллаһ сабақ бергенде, сыныптың өте үлкен болғанына қарамастан, әрдайым тыныштық болған деп айтылады. Оның пайғамбар хадисіне деген құрметі оны тыңдаған адамдардан айқын көрінді; Шәкірттер имаммен бірге хадис оқып жатқанда белгілі бір деңгейде қорқынышта, жауапкершілікте отырды.

Имам шәкірттерін тыңдап отырып, кейде олар қателескен кезде, біреу қателік туралы ескерту үшін имам Малик отырған жердің есігін қағатын.

Бұл қағыс әкесінің «Муатта» хадистер жинағының барлық хадисін жатқа білетін қызынан болды. Егер білім мәжілісіне білім алуға шәкірттер келсе, Имам Малик оларға Алла Тағала білім мен тауфиқты тек Өзі қалаған адамдарға беретінін айтады. Оның баласы оқуға ерекше қызығушылық таныта қоймады және ол сабаққа келгенде Имам Малик те осы туралы оған ескерту жасайтын. Ал қызы керісінше, бәрін тез есте сақтап, жастайынан ыждағаттылықпен оқыды. Имам Малик оған ешқашан сыныпта оқуға тыйым салған емес. Ол хиджабтың барлық шарттарын да сақтаған болатын.

Айша бинт Юсуф Аль-Бауния

Айша бинт Юсуф Аль-Бауния (хижра 922/1517 зуль-Каада) – әйелдер арасындағы ең білгір және әйгілі ғалымдардың бірі. Үлкен білімге ие болған. Ол фиқһ, наху және басқа ғылымдар саласындағы көптеген кітаптар мен манзуматтардың авторы. Білімінің бастауын Каир мен Дамаск медреселерінен алды. Анамыздың жазған өлең жолдары қазірге дейін жетіп, әлі күнге дейін оқылып жүргендіктен, ақын ретінде де сипаттайды.

Анамыз туралы: «ол ХХ ғасырға дейінгі басқа әйелдермен салыстырп қарағанда араб тілінде көп шығарма жазған жалғыз әйел ғалым», - деп баға бергендер болды. Және басқа бір деректе :«оның отбасында оның әдеби таланты мен тіл маманы болудағы қабілеті толық ашылды», - деп біліміне кішкентайынан ата- анасынан алған тәлімі әсер еткені баянетіледі. Ол Дамаскіде дүниеге келді және сонда қайтысболды.

Умм Абдул-Уаххаб бинт Қади Хусейн ибн Исмаил әл-Махамили.

Құран Хафизі әрі Шафиғи мазхабындағы өз заманының ең білікті фиқһ білгірлерінен болған. Және сол кездегі ең ірі ғалымдармен тең дәрежеде пәтуа берген. Көптеген деректерде оның аят, хадистерден пәтуа шығаруға ыждағаттылығымен қоса, наху ілімі бойынша ғалым екендігі қатар айтылады.

материал «Ғұлама аналар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: