12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Әйелдер арасынан шыққан хадис ғылымдарының білгірі

Әйелдер арасынан шыққан хадис ғылымдарының білгірі

Ислам тарихы

Ибн Абдул Барр (рахимаһуллаһ) оны: «Әйелдер арасындағы керемет ғалым, ойшыл, өте діндар және тақуа әйел», - деп сипаттайды.

Умм ад-Дарда өз заманының ғалымы және теңдесі жоқ қадиі болған Ийяс ибн Муавиядан иджаза алады. Ол оны Хасан әл-Басри және Ибн Сириндермен қатар (тең дәрежедегі) хадис зерттеу саласындағы ең үлкен маман деп атаса, тіпті кейбір ғалымдар олардан асып кетті деп те айтқан.(Суюти, «Тадриб» 215.)

Малик ибн Мәруан Дамаскіде Умм әд-Дарданың сабақтарына одан фиқһ үйрену үшін қатысқан болатын және ол анамыздың өзге шәкірттеріндей олардың арасында отырған. Умм әд-Дарда өте үлкен құрметке ие болды. Себебі ол тақуалықтан, Алладан қорқу сезімінен болатын кішіпейілділікке (мойынсұнушылыққа) қол жеткізген еді. Аун ибн Абдуллаһ былай деп жеткізеді: «Біз Умм әд-Дарданың мәжілісіне келетінбіз және онда Алланы еске алатынбыз». Ұстаздықпен қатар анамыз құлшылығында өте үздіксіз болған. Йунус ибн Майсара жеткізеді: «Әйел адамдар Умм әд-Дардамен бірге құлшылық ететін болған және олар тұрудан шаршағанда арқанға сүйеніп құлшылықтарын жалғастырған.» (Бұл құлшылыққа берілгендіктің көрінісі.)

Сонымен қатар, ол өз шәкірттерінің қажеттіліктерін анасы баласына беретін қамқорлықпен тең дәрежеде өтеген. Усман ибн Хаййан(105 ж.д.ө.) былай дейді: «Біз Умм әд-Дардамен ас ішкен кезде, Алланы мадақтауды қоспадық. Сонда ол былай деді: «Ей, балаларым, астарыңның дәм-тұзын Алланы еске алумен келтіруді ұмытпаңдар. Ас ішу мен Раббымызды мадақтау үн-түнсіз ас ішуден абзалырақ».

Абд Раббих ибн Сулайман ибн Умайр ибн Зайтун Умм әд-Дарданың оған былай дегенін жеткізеді: «Жастық шағыңда даналықты үйрен, сонда есейгенде оны жүзеге асыра аласың. «Сулейм ибн Амир айтады: «Мен Иерусалимге сапарға аттануға ниет етттім. Умм әд-Дарданың үйінің жанынан өттім. Сонда ол маған ішетін ( шөлімді басатын) нәрсе мен бір динар берді.» Оның байлығы мен уақытын сарп еткен жомарттығының мұндай көрінісі – мухаддисаттың бір ізді және тұрақты қасиеттерінен. Тиісінше қатаң, талапшыл болғандығының да мысалын әдебінде аса бір кемшілігі бар шәкірттеріне берген жауабынан көруге болады: Бұл Ибн Аби Закарийа әл-Хузаидан жеткен: «Біз Умм әд-Дардамен бірге сапарға шықтық. Содан соң бізге бір адам қосылды. Умм әд-Дарда одан былай деп сұрады: «Саған жолдастарың секілді құран жаттауға және Алланы еске алуға не кедергі келтіріп тұр? Ол айтты: Мен тек Құранның бір сүресін ғана жатқа білемін, бірақ оны жиі қайталамағанымнан, жіберіп алдым(ұмытып қалдым). Умм әд-Дарда: «Құран ұмытылды ма? Мен сенімен жолсерік бола алмаймын – сен не біздің алдымызға шығып кет немесе бізден кейін жүр», -деп, жазасын солай берген екен. Сирияның атақты ғалымы – Умм әд-Дарданың хадистері саны жағынан өте мол. Әз-Захаби оны заң туралы ілімінің тереңдігін, білімділігін және құлшылыққа берілгендігін ерекше атап өтеді.

Ибн Касир рахимаһуллаһ былай дейді: «Ол табиғин, діндар, ғұлама және заңгер болды. Ер адамдар онымен бірге одан ілім алды, Умайад мешітінің солтүстік жағындағы білім беретін орындарынан одан фиқһты үйренді, ал Абд әл-Малик ибн Мәруан халифа болған кезінде анамыздың өзге шәкірттерімен бірге отырған.»

Ахмад ибн Ханбал рахимаһуллаһ Зайд ибн Асламнан риуаят еткен хадисте ол былай деген: Халифа Малик ибн Мәруан Умм Дардаға қонақ ретінде шақыру жіберіп, оған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) туралы сұрақтар қоятын.Бір күні ол түнде орнынан тұрып, қызметшісін шақырды, бірақ қызметшісі асықпай ақырын келгендіктен, Халифа оны қарғайды. Сонда Умму ад Дарда оған: «ант етпе, өйткені Абу ад-Дарда маған Аллаһ Елшісінің «қарғыс айтқандар қиямет күні куә немесе шапағатшы болмайды деп айтқанын жеткізді», - деп ақиқатты айтады. Сонымен қатар, ол заманда көптеген әйел адамдар ешқандай ақы алмай, ілім үйреткен. Алайда олар шәкірттерінің сұраусыз-ақ бере алған сыйлықтарын қабылдайтын еді. Усман ибн Хаййан Умм әд-Дардадан былай дегенін жеткізеді: «Олардың біреуі: «Иа, Аллам, мені қамтамасыз етші», - дейді. Бірақ ол Раббысының аспаннан алтын немесе жібек жаудырмайтынын біледі. Керісінше Алла Тағала адамдарды бір-бірі арқылы қамтамасыз етеді. Сондықтан бір адамға бірнәрсе берілген болса, ол оны қабыл алғаны жөн. Егер біреу бай болса, ол мұқтаж адамға берсін, ал егер біреу кедей болса, сол затты өз қажетіне жаратқаны абзал.»

Умм әд-Дарда Иерусалим мен Дамаск мешіттеріндегі ұстаздығымен әйгілі. Бұған дейін байқағанымыздай, оның дәрістеріне ер және әйел заңгерлер мен хадис ғалымдары келген. Қазіргі таңда анамыздың атымен аталатын Бахрейнде әйелдерге арналған Құран және тәжуид үйрететін орталық бар.

материал «Әйел мен ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: