29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Алла Тағала мен періштелер арасындағы сұхбат

Алла Тағала мен періштелер арасындағы сұхбат

Ислам тарихы

Құран парақтарын ақтарып отырсақ, диалогтың тағы бір ерекше үлгісіне тап боламыз. Ол Алла Тағала мен нұрдан жаратылған жаратылыс періштелер әлемінің арасында орындалатын диалог. Бұл жөніндегі аяттар төмендегідей сипатта келеді.

«Сонда сенің раббың періштелерге: Мен жер бетінде бір орынбасар жаратамын – деді,

Періштелер: Онда бұзықтық жасап, қан төгетін біреуді жаратасың ба? Ал біз сені мақтап, пәктейміз және ұлықтаймыз – деді,

Ол: Мен сендер білмегенді білемін – деп, кейін Адамға атаулардың барлығын үйретіп, оларды періштелерге көрсетіп, егер білсеңдер, қане, осылардың атауларын айтыңдаршы – деді.

Олар: Сен кемшіліктен пәксің, бізде өзің үйреткеннен басқа ешқандай білім жоқ, Әлбетте, сен бәрін білуші, әрі ұлы даналық иесісің – деді.

Ол: Ей, Адам, олардың атауын айтып берші – деді, қашан ол (Адам) тауларды айтып берген кезде, шексіз мен аспандар мен жердегі ғайыпты білемін, сендердің жариялағандарыңды және жасырып жүргендеріңді де білемін – деді.

Біз періштелерге: Адамға сәжде етіңдер дегенде, олар сәжде жасады, тек Ібіліс қана тәкаппарлық жасап, қарсы келушілердің қатарынан болды».

Құранда келген әлемнің жаратушысы Алла Тағала мен күнәдан пәк болған, тек Жаратушының өмірін ғана орындаумен болатын ерекше жаратылыс – періштелердің арасында болған бұл сұхбаттан өте маңызды мәселелерді аңғарса болады.

Бұл жерде періштелердің кішіпейілділігі мен көркем мақсатын көреміз. Себебі ақылға салып қарайтын болса, кімде-кім Алланы көбірек ұлықтап, қылмыс жасамайтын болса, сол жан бұзықтық жасап, қан төгетін қылмыскерге қарағанда орынбасар болуға көбірек лайықты. Бірақ, олар қанша ақыл көп нәрсені білсе де, Алланың құзырында білмейтіні көбірек болып тұрады. Сондықтан періштелердің сұрағы наразылық білдіріп, қарсы болғанның сұрағы емес, керісінше, Алла ісінің сырын білгісі келіп, мақсатты анықтағысы келген құлдың сауалы еді. Бұл орынбасардың бұлар білмейтін қандай артықшылығы бар екен, Жаратушы тағала нендей даналыққа меңзеп тұр деген сұрақ болды.

Сонымен қатар, диалогтың бұл көрінісінде періштелер басқа барша жаратылысқа Алла алдындағы әдеп қалай болу керек, Алла өміріне қалай бойсұнуды үйретіп тұр. Бұл мағынаны біз періштелердің Алла Тағалаға «Сен кемшіліктен пәксің, бізде өзің үйреткеннен басқа ешқандай білім жоқ, Әлбетте, сен бәрін білуші, әрі ұлы даналық иесісің» деген ұлықтау сөзінен байқаймыз.

материал «Исламдағы дінаралық диалогтың орны» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: