12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Сахабалар туралы жазылған мәшһүр еңбектер

Сахабалар туралы жазылған мәшһүр еңбектер

Ислам тарихы

Ислам ғұламалары әр ғасырда бұл ұлы адамдар жайында өте көп жазбалар қалдырып, әрі оларды зерттеп, жарыққа шығаруда өте көп көңіл бөлген. Еңбектердің көптігі соншалықты олар жайлы сыр шертілмеген бірде-бір ғасыр болмады.

Енді сол еңбектерді авторларының дүние салған жылдарына сай екіге бөліп қарастырсақ:

 

Мұхамммед ибн Исхақ әс-Сағони, «Дәрус-сахабати фи уәфяти әс-сахаба». Ол жайында әл-Кәттәни «ар-Рисалатул мустатрафа» кітабында келтірген.

 

Әбу Убайда Муаммар ибн әл-Мәсәнидің «әс-Сахаба» кітабы. Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Халифа ибн Хаййат, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбул Хасан Әли ибн Абдулла әс-Сағори (Әли әл-Мәдини), «Мағрифату мән нәзәлә минәс-сахабати сәирил булдән». Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.

 

Абдуррахман ибн Ибраһим әд-Димашқи, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Абдулла Мухаммед ибн Исмаил әл-Бухари, «әс-Сахаба». Бұл жайында Әбу Нуғайм «әл-Мағрифада» келтірген. Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген: «Сахабалар жайында мен білетін алғашқы жазбаны әл-Бухари жазған».

 

әл-Бухаридің «әл-Уихдан» кітабы. Бұл жайында Әбу Нуғайм «әл-Мағрифада» келтірген.

 

Муса ибн Сәһл әр-Ромли, «Мән нәзәлә Фалестина минәс-сахабати». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында осы жазбадан көп қолданған.

 

Муслим ибн әл-Хажжаж, «әт-Табақат». Бұл жайында Ибн ән-Нәдим «әл-Фәһраст» кітабында келтірген.

 

Имам Муслимнің «әл-Уихдан» кітабы. Бұл жайында әс-Суюти «Табақатул хуффаз» кітабында келтірген.

 

Әбу Зурға әр-Рази, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Ахмад ибн Сияр әл-Марузи. Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Бәкір Ахмад ибн Абдулла ибн әл-Бәрқи, «әс-Сахаба». Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.

 

Әбу Дәуіт Сулайман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Хатим Мухаммад ибн Идрис әр-Рази, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Иса Мухаммед ибн Иса әт-Тирмизи, «Тәсмиату асхаби расули Алла». Бұл жайында Фуад Сизкин «Тарих турос әл-араби» кітабында келтірген.

 

Ахмад ибн Әбу Хайсама ән-Нәсәи, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Абдуррахман ибн Амр Әбу Зарға әд-Димашқи, «Тәсмияту мән нәзәлә әш-Шам». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Мұхаммед ибн Юнус әл-Кадими, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Бәкір Ахмад ибн Амр әш-Шәйбани, «әл-Ахад уәл мәсәни». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі десе, Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабы да осы еңбек негізінде деген.

 

Әбу Мухаммед Абдулла ибн Мухаммед әл-Мәрузи, «Мағрифатус сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбу Жағфар Мухаммед ибн Абдулла әл-Хадрами, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбу Мансур Мухаммед ибн Сағд әл-Бәруди, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбу Мухаммед Абдулла Ибн әл-Жаруд ән-Нисабури, «әл-Ахад фис-сахаба». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі деген.

 

Әбу Бәкір Абдулла ибн Әбу Дәуіт әс-Сижистани, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбул Қасым Абдулла ибн Мұхаммед әл-Бағауи, «Муғжамус сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбу Уруба әл-Хусейн ибн Мұхаммед әл-Хадрани, «әт-Табақат». Ибн Хажар «әл-Муғжам әл-Муфаһрас» кітабында келтірген.

 

Әбу Жағфар Мұхаммед ибн Омар әл-Ақили, «әс-Сахаба». Бұл жайында Ибн Адулбарр «әл-Истиғаб» кітабының негізгі дереккөзі деген.

 

Әбул Аббас Мұхаммед ибн Абдуррахман әд-Дағули, «әс-Сахаба». Имам әс-Сахауи «Фатхул муғис» кітабында келтірген.

 

әл-Қади Әбу Ахмад ибн Мұхаммед әл-Ассал, «әс-Сахаба». Әбу Нуғайм әл-Асфаһани «Мағрифату сахаба» кітабында келтірген.

 

Абдулбақи ибн Қониғ әл-Умауи, «Муғжамус сахаба». Имам әс-Сахауи «Фатхул муғис» кітабында келтірген.

 

Әбу Али Сағид ибн Осман әл-Бағдади, «Муғжамус сахаба». Имам әз-Зәһәби «әт-Тәзкира» кітабында келтірген.

 

Әбу Хатим Мұхаммед ибн Хиббан әл-Бусти, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбул Қасым Сулайман ибн Ахмад ат-Табарани, «әл-Муғжамул Кабир». Кітап 25 томнан тұрады. Өкінішке орай, 13-тен 16-томға дейін жоғалып кеткен.

 

Әбу Ахмад Абдулла ибн Ади әл-Журжани, «Әсмәус сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабының негізгі дереккөзі қылған.

 

Әбу Бәкір Ахмад ибн Ибраһим әл-Исмаили, «Әсмәус сахаба». Бұл жайында Ибн Касир «Жәмиғул Мәсәнидте» келтірген.

 

Әбул Фатх Мухаммед ибн Хусейн әл-Әзди, «әс-Сахаба». Имам әз-Зәһәби «әт-Тәзкира» кітабында келтірген.

 

Әбу Ахмад әл-Хасан ибн Абдулла әл-Аскари, «Мағрифатус сахаба». Бұл еңбек сахабалардың руына байланысты реттелген. Бұл жайында имам ас-Сахауи «әл-Иғлан бит таубихи лимән зәммә әт-тарих» кітабында келтірген.

 

Әбул Хасан Али ибн Омар әд-Дарақутни, «Әсмәус сахаба әлләти иттфақа фиһа әл-Бухари уә Муслим».

 

Әбу Хафс Омар ибн Ахмад, «әс-Сахаба». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исхақ (Ибн Мунда) әл-Асфаһани, «Мағрифатус сахаба». Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабының негізгі дереккөзі деген.

 

Ахмад ибн Али әл-һәмәдәни әш-Шафиғи, «Муғжамус сахаба». әл-Қади ибн Шуһба тарих кітабында: «Бұл кітаптан жақсысын көрмедім», – деген.

 

Әбу Нуғайм әл-Асфаһани, «Мағрифатус сахаба».

 

Әбул Аббас Жағфар ибн Мұхаммед әл-Мустағфири, «Мағрифатус сахаба». әс-Суюти «Табақатул хуффазда» келтірген.

 

Әбу Омар Юсуф ибн Абдулбарр, «әл-Истиғаб фи мағрифатил асхаб».

 

Әбу Бәкір Мухаммед ибн Әбул Қасым (Ибн Фатхун) әл-Мәлики әл-Андалуси, «Зәйлул истиғаб». Ибн Хажар «әл-Исоба» кітабында келтірген.

 

Ибн Асакир, «Муғжаму сахаба» және «Тартибу асмаис сахаба».

 

Әбу Муса әл-Мәдини, «әс-Сахаба». Ибн әл-Әсир «Усдул ғоба» кітабының негізгі дереккөзі деген.

 

Әбул Мауаһиб ибн Сусри, «Муғжаму сахаба». әс-Суюти «Табақатул хуффазда» келтірген.

 

Ибн Қудама әл-Мақдиси, «әл-Истибсар фи нәсәби сахабати минәл ансар».

 

Ғиззуддин ибн әл-Әсир әл-Жәзәри, «Усдул ғоба фи мағрифатис сахаба».

 

Имам ән-Нәуәуи, «Мухтасар китәб усдул ғоба».

 

Имам әл-Хафиз әз-Зәһәби, «Тәжриду әсмәис сахаба».

 

Имам әл-Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани, «әл-Исоба фи тәмиизи сахаба». Еш талассыз қазіргі күнге дейін сахабалар туралы жазылған шоқтығы биік еңбек.

 

Яхия ибн Әби Бәкір әл-Амири әл-Йәмәни, «ар-Риядул мустатоба».

 

әл-Хафиз әс-Суюти, «Айнул исоба фи мағрифатис сахаба». Ибн Хажардың «Исобасының» қысқартылған нұсқасы делінеді.

материал «Сахабалардың сәулелі ғұмыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: