12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Бір студент пен профессор саябақта серуендеп келе жатады. Егістік жақтан өтіп бара жатқан кезде өте ескі аяқ-киім мен шапанды байқады. Айналаға көз жүгіртіп қараса, жұмыс істеп жатқан бір кедейден басқа ешкім жоқ екен. Студент жас әзіл үшін әлгі кедейдің аяқ киімі мен шапанын тығып қойып, оның әрекетін бақыламақ болады.  Бұны байқап тұрған ұстазы шәкіртіне: «Сен шынымен де мұны көргеннен бір ләззат алғың келе ме?! Олай болса әр аяқ-киімге бір-бір тиыннан салып көр...», - дейді.

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жерден дереу кетуім керек» деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді.

Жақып пайғамбар (а.с) Әзірейіл періштемен (а.с) дос еді. Бір күні Жақып пайғамбар Әзірейілге: "Ей, досым, бұл жолы менімен жүздесуге келдің бе, жоқ, жанымды алуға келдің бе?" - деп сұрайды. Әзірейіл (а.с) қал сұрау ниетімен келгенін білдіреді.

«Қанша кәллә болса сонша ой болады» дей ме, осы сөз рас-ау. «Дауласқан адамның екеуі де ақылсыз» деген тұжырыммен келісер болсақ, өмір сүрудің өзі оңтайланар еді. Себебі дауласқан адамдар соңыра келгенде екі бөлек дүниені айтып жатқаны белгілі болады. Бірі алманы домалақ дейді, ал бірі – қызыл дейді. Мұны түсінген екеу де ойлағысы келмей, тұжырымды шеткері итереді. Ал төмендегі мысал дауласудың еш керегі жоқ іс екенін тағы бір дәлелдей түспек…

Сіз басқа қалаға сапарға бара жатырсыз делік.Ет жақын туысыңыз Сізге 24 мың теңге ақша береді. Бірақ, мынадай өтініш айтады: "Маған сапарыңнан осы ақшаның 1 мың теңгесіне сыйлық алып келші, қалғанын өз қажетіңе жарата бер".

Куфа қаласында жас етікші Имам Ағзам Әбу Ханифамен көршілес тұрды. Күн сайын кеш батқанда еңбегінен түскен ақшаға сыра сатып алатын. Мас болған сәтінде күнделікті бір өлеңін қайталап айта беретін: «Керек кезімде құшақтасып жүрген, енді мен мұқтаж болған кезімде, қайда кетті сол бір достарым?». Түні бойы ұйықтамай, құлшылық етіп жүрген Әбу Ханифа осы сөздерді естиді.

Бұрын мен өмірді бақылап, адамдарды өзгертуге болады деп ойлайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе мен тек өз-өзімді ғана бақылай алатынымды және ағымдағы уақытқа ғана иелік ете алатындығыма көзім жетті. – «Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла толық білуші, хабар алушы». («Лұқман» сүресі, 34 аят)

«Өзіңе қалағанды өзге бауырыңа қаламайынша имандарың толық болмайды» . Бұл адамзаттың ардақтысы, ізгілердің ең ұлысы, пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзі. Көпшілік мухаддис ғалымдар осы хадис исламның негізгі қағидаларын айшықтайтынын, осыны ұстану арқылы қоғамда теңдік, араларында мейрімділік орнығатындығын өз еңбектерінде жазып кеткен. Бүгінгі заманда бізге үйден қарыс қадам аттамай-ақ, тіптен, отырған орныңда білім алуға мол мүмкіншіліктер беріп, Алла бізге өмір сүрудің жолдарын жеңілдетіп қойды.

Екі дос шөл далада жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға:  «Бүгін мені жан досым ұрды!» деп жазып кетеді.

Бірде хазіреті Хұсейн (р.а.) жол шетінде отырған пақыр, жоқ-жітіктердің қасынан өтеді. Олар болса жерге бір төсенішті жайып жіберіп, нанның қалған-құтқанын жеп өзара қауқылдасып, жүрек жалғап жатқан-ды.