18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Жанашырларыңмен ақылдасу және истихара[1] намазын оқу

Алланың елшісі () былай деді: «Кім истихара дұғасымен Алла Тағалаға жалбарынса еш түңілмейді, кім кесетін болса еш өкінбейді және кім малын үнемдесе кедейлік өмір кешпейді»[2].

Ислам дінінің отбасы бақыты үшін белгілеген жолдары

Алла Тағала айтады: «Иман келтірген соң, имандарын зұлымдыққа[1] араластырмағандар, міне соларға аманшылық болады және олар  тура жолдағылар» («Әнғам» сүресі: 82). Адамның бақыты жаны мен тәнінің тыныштықта болуымен жүзеге асады. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, ризығына бөлеген Раббысын танып білмейінше, дүниеге келудегі мақсатын түсінбейінше, өмірін толығымен шариғатқа сай жүйелемейінше, және дүниенің ақиретпен салыстырғандағы құнсыздығына көзі жетпейінше, сөйтіп Раббысының разылығы мен жәннатын ғана армандамайынша жаны тыным табады деп айту қиынға соғады.