02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

«Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні оқу жоспарына енгізілмекші. Бұл пән әзірге тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады, деп хабарлайды BAQ.kz.

ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның айтуынша, бүгінде мешіттерде деструктивті ағымдардың өкілдері имамдармен дауласып жатады. Осы орайда ол имамдардың заңмен қорғалатынын ескертті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше дүкен жұмыс істейді. Бұл дүкенде киім-кешек пенсөредегі азық-түлік өнімдері тұтынушыларына тегін үлестіріледі. Бір асым еттен бастап тәттілерге дейін салынған себет аз қамтылған отбасы мүшелері мен жалғыз басты қарттарға беріледі, деп хабарлайды 24.kz .

Астана. 18 қаңтар. E-ISLAM – Еліміздің дін саласына жаңа леппен келген бірқатар ғылыми ізденушілер ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сай философия докторы (PhD) дәрежесіне лайық деп танылды, деп хабарлайды Nmu.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 15 қаңтарында Біріккен араб әмірлігіне жасаған ресми сапарында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды E-islam.kz.

Қазақ руханиятында айрықша орны бар, белгілі қоғам және дін қайраткері, хадисші, ақын Сәдуақас қажы Ғылманидің қызы Әмина Сәдуақасқызы 78 жасқа қараған шағында бақилық болды.

Күні кеше "Зекет" қоры Астана қаласы өкілдігінде "Алтын алқалы анаға - тосын сый" жобасы жалғасын тауып, 8 баланың анасы Әлеу Бүлекбайға құрмет жасалып, сыйлықтар табысталып, қаржылай қолдау көрсетілді. Әлеу анамыздың отбасы 2011 жылы Моңғолиядан елім деп келген, Бүгінде үлкені 19 жаста, кенжесі 1 жас 9 ай. Қараөткел ауылдық округінде 30 мың теңгеге үй жалдап тұрады. Жолдасының 70 мыңға жетер жетпес жалақысын үнемдеп, тәттілер пісіріп сатып, өзі де әрекетін жасап, үйінің берекетін асырып жүрген жан. Бес парызына да мұқият осындай анамыз қаншама жастарға үлгі. 
Аталған шараға Дүниежүзі Қазақтар қауымдастығы Астана қаласы өкілдігінің жетекшісі Қарлығаш Бекпатшақызы, "Спа-центр Шипажай" орталығының директоры Дәметкен Алпысбаева, Қазақстан" телеарнасының белді дикторы Гүлназ Әлімгерей, Суретшілер одағының мүшесі Әлия Қанибекова және астаналық "Зекет" қорының жобаларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп жүрген ЖОМАРТ АНАЛАР белсенді атсалысты. Шара барысында бала тәрбиесі, қазақылық пен имандылық, жомарттық тақырыптары қозғалып, қонақтар өз өмір тәжірибелерімен бөлісті. Елордалық Зекет қоры қызметкерлері Дина Боранбаева, Алма Шаукен, Жанар Елдосқызына, "Нұр Астана" мешіті жанындағы сауат ашу курсы орталығының қызметкері Алима Сағындыққызына, белсенді еріктілер Әлия Қанибекова, Айгүл Сауранқызы, Камила Аманжоловаға қор директоры Әнуар Болатұлы атынан алғыс хаттар табысталды. Жиналғандар жобаны тұрақты түрде ұйымдастырып отырған қор жетекшісі Калия Қайыпқызына да ыстық ықыластарын жеткізді. 

Қор ұйымдастыруымен осы уақытқа дейін 15 анаға 2 миллион теңгеден астам қаражат жиналыпты. "Бірлік бар жерде береке бар". Алла Тағала: «... тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді» - деп айтқан (Сәбә, 39-аят). Ендеше аналарымызға жасаған сый-сыяпаттарыңыз еселеп қайтсын дейміз.Себебі, тұрмыс тауқыметінен қорықпай, ел демографиясына өз үлестерін қосып жүрген алтын құрсақты аналар қандай құрметке болсын лайық емес пе?!.

15774728 403080103365797 468647043287151387 o

15776680 403080330032441 4770824737596338184 o

15800003 403079773365830 5337216002576448430 o

15800478 403080356699105 107467381701673116 o

«Зекет» қоры Астана қ. - баспасөз қызметі

Facebook қолданушысы Нұрдәулет Нұрәділ "1 теңге = 1 үй" акциясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушы бұл ұсынысын әлеуметтік желіде жариялады."Ассалаумағалейкум ағайын! Қазіргі таңда баспана мәселесі барша қазақтың басты уайымына айналып үлгерді. Әсіресе жастардың. Мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйлердің саны мұқтаж жандардың 10 пайызын қамтамасыз ете алмай келеді. "Енді қалай баспаналы болам?"- деп, тапқаны тамағынан артылмайтын ағайынға қалай үй алып беруге болады? Егер біз біріге алсақ, 1 теңгемізді бір отбасы үшін қисақ бұл мәселені де шешуге болады", - дейді ол. 

2016 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында оқыған имамдар бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен Моңғолия Мұсылмандар Одағының төрағасы  Батырбек қажы Хадысұлымен кездесті. Кездесу барысында Ержан қажы Малғажыұлы имамдармен пікірлесіп, сұхбаттасты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тәкфир және хижрет жамағаты туралы 

  МӘЛІМДЕМЕСІ

Соңғы кездері көптеген мұсылмандар жүректеріне күмән салатын адамдармен жиі кездесуде. Олар – «тәкфиршілер» деп аталатын жамағат өкілдері. Аталған жамағат өкілдері өздерінің жалған сенімдері арқылы көптеген мұсылмандарды сенім мен күпірлік (таухид пен ширк), бірқұдайылық пен серік қосу (иман мен ширк) мәселесінде адастырып, өздерінен басқа мұсылмандарды адасқан деп айыптауда.