03
Жұма,
Мамыр

һижри

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын намазханалардың жабылу себебін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Астана. 1 желтоқсан. E-ISLAM – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Республикалық жастары форумына қатысты, деп хабарлайды E-Islam.kz.

Құрметті қауым!

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні елімізде мерейлі мерекелердің біріне айналды. Бұл күні халқымыз бірлік пен ынтымақтың мерекесі болған тұңғыш Президент күнін атап өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің директоры, белгілі дінтанушы ғалым Сманов Әбсаттар Шәкірұлының қайтыс болуы Қазақстан мұсылмандарын үлкен қайғыға ұшыратты.

Түрменің де түрмесі бар. Бұдан былай лаңкестік үшін немесе жалпы діни көзқарасына байланысты сотталғандар өзгелерден жеке дара қамауда отыруы әбден мүмкін. Неге дейсіз ғой? Себебі, өзге жазасын өтеушілерді теріс ағымдардың жетегінен қорғап қалу үшін. Мұндай ұсынысты Қазақстанның бас мүфтиі айтып отыр. Өйткені, қазір, әсіресе түрме ішіндегі діни ахуал шынымен  ушығып тұрған сияқты.

«Қазақстан» ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға қазақтың атадан келе жатқан үлкенді сыйлау дәстүрі жайлы айтып, ғибратты әңгіме баян етті. Ананың ақ сүтін ақтау, әке-шешені сыйлау жайлы баса айтқан Елбасы бақыт туралы да өз ойымен бөлісіп, бата берді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыттарының бірі – түзеу мекемелеріндегі діни экстремизм бойынша сотталған азаматтармен жұмыс. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі жоспар мен нақты міндеттерді жүктейді. Бүгін Астанада ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен түзету мекемелеріндегі жұмыстың жылдық қорытындысына арналған жиын өтті.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендерді оңалту маңызды міндет. Бұл туралы Астанада өткен  7-ші Азаматтық форумда ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.