15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Бас мүфти «30 жылдық мерейтойға – 30 мың тал отырғызу» акциясына қатысты

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен республика көлемінде «30 жылдық мерейтойға – 30 мың түп ағаш отырғызу» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

«Халал Даму» директоры сұрақтарға жауап береді

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Call-орталықтағы сұрақ-жауап» жобасының кезекті эфирі еңбек апталығына орай адал нәпақа табу тақырыбына арналмақ. Бейсенбі, 24 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» директоры Айбек Аташев «Халал ас – арқауың» тақырыбында сұрақтарға жауап береді.

Сенат төрағасы Бас мүфтимен кездесті

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Раиса ана» мешіті тұрғындар арасында викториналық ойын өткізді (ВИДЕО)

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен кеше «1000 жылда бір туатын тұлғалар» атты елорда тұрғындары арасында викториналық ойын өткізді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ төрағасы Қазақстан және Астана митрополиті Александрмен сұхбаттасты (ФОТО)

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти мен Вице-министр РАНТ-ның алқалы жиынына қатысты (ФОТО)

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихат тобының арнайы алқалы жиыны өтті. Мәжіліске Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен РАНТ мүшелері қатысты.

Мешіт ашық аспан астындағы мұражайға айналады

21 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ХІХ ғасырдың ортасында салынған ескі құрылыс – Досжан ишан мешітінің орнын шілде  айынан бастап Қуаныш Әлиев бастаған маңғыстаулық шеберлер қайта жаңартуға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Атырау имамдарын қабылдады (ФОТО)

21 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысының имамдарын қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшсі.

Нұр-Сұлтан әкімдігі Нұр-Мүбарак студенттеріне 14 грант бөлді (ФОТО)

19 қыркүйек.Нұр-Сұлтан.Ummet.kz – Биыл алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Нұр-Мүбарак университетінде оқитын 14 студентке грант бөлді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елордадағы Балалар үйіне сый жасалды (ФОТО)

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz –  Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы және ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығындағы» тәрбиеленуші жеткіншектерге сый жасалды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: «Жастар ісі секторы» 5 айда 1291 қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жастар ісі секторы» елімізде пандемия басталғаннан бері барлық жұмыстарды онлайн форматқа ауыстырып, соңғы 5 ай аралығында біршама шаралар атқарды, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.