14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы тағайындалды (ФОТО)

15 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Бейбіт Мырзагелдиев ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Министр дінтану сараптамасын жетілдіруді ұсынды

13 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елімізде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдардың Конституцияға және заңға сай келуі тұрақты түрде тексеріледі. Бұл туралы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Хабар арнасына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти делегация басшыларына ҚМДБ ғимаратын таныстырды (ФОТО)

13 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ жаңа ғимаратында IV Халықаралық діни-ғылыми конференция делегаттарының қатысуымен мерекелік шара өтті. Елорда төрінде көршілес мемлекет мүфтилері мен дін қайраткерлерінің басын қосқан «Рухани Жібек жолы.

Бас мүфти: Жастар жылы жас буынға серпін берді

11 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияның ашылуында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз сөз сөйледі, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жастар форумы: Депутат жастарға патриоттық жыр оқыды

11 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Руханият және жастар» атты I халықаралық жастар форумында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл сөз сөйлеп, жастарға арнап патриоттық тағылым айтты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Елордада жастар форумы өтіп жатыр

11 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Jastar jáne rýhaniat» І Халықаралық жастар форумы басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Дін істері комитетіне төраға тағайындалды

11  сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ержан Болатқанұлы Нүкежанов Дін істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жастар саясатына қатысты жайттар талқыланған секциялық отырыстар басталды (ФОТО)

11 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елорда төрінде Еуразия кеңістігіндегі елдердің дін ғұламаларының басын қосқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманның сын-қатерлері»  атты IV Халықаралық діни-ғылыми конференция аясында шетелдік дінбасшыларының қатысуымен секциялық отырыстар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти Жібек жолы елдерінің «Рухани картасын» жасауды ұсынды (ФОТО)

11  сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Елордада өтіп жатқан «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияда баяндама жасаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Министр: жастар санасына мықты иммунитет қалыптастыру маңызды (ФОТО)

11 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz -  Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен басталған «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференцияға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жастардың санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: «Рухани жібек жолы» халықаралық конференциясы басталды (ФОТО)

11 cәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz -  Бүгін Елордада Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармаларының ұйымдастыруымен «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV Халықаралық ғылыми-діни конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.