15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Мәшһүр Жүсіптің немересі, танымал ғалым Қуандық Пазылұлы қайтыс болды

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақтың біртуар ғалымы, әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің немересі Қуандық Пазылұлы Мәшһүр Жүсіп 78 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Мүбарак университетінің өкілдері жеңімпаз атанды

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік маңызды жобалар негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауға 50-ден аса үміткерден 120-дан астам материал түскен, деп хабарлайды nmu.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жаңа наиб мүфти тағайындалды (ФОТО)

22 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Ершат Оңғаров наиб мүфти қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ: Форумға 500 имам қатысады

22 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында өтетін «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына 500 дін қызметкері қатысады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Тарихи қойылым тамашалағандарға ұрыс алаңында қалғандай әсер берді

21 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы мен Алтын орданың 750 жылдығы аясында Талдықорған атшабарында Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы сахналанды. Ашық алаңда шайқасты жаңғыртуға 1 500 адам тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Маңғыстау: Бірінші наиб мүфти облыс әкімімен кездесті (ФОТО)

21 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ұлтты тербеген қазақ аналары туралы тағылымды кеш өтті

19 қазан. Нұр-Сұтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубында «Бір қолымен әлемді, бір қолымен ұлтты тербеген қазақ анасы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Маңғыстауға жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Маңғыстауға жаңа өкіл имам тағайындалды, деп хабарлайды өңірдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Атырауға жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

19 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша жаңа өкілі тағайындалды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын жұма намазы алдында ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев таныстырды, деп хабарлайды өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жамағат ризашылығын білдірді (ФОТО)

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мешіт жамағаты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бұрынғы Бас имамы Нұрлан Рамазановқа мешіт жамағаты ризашылықтарын білдіріп, қазақы салт-дәстүр бойынша иығына шапан жапты, деп хабарлайды sunna.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Семей өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Асқар Әбітайұлы Мұқанов Семей өңірі бойынша өкіл имам Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.