03
Жұма,
Мамыр

һижри

Иғтикаф қандай құлшылық?

Араб тілінде иғтикаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді. Рамазан айының соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад сүннет[1]. Айша, ибн Омар, Әнестің (رضي الله عنهم) риуаяттарында: «Алла Елшісі () Мәдинаға келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін иғтиқафпен өткізетін»[2],-деп келген.

Сұрақ: Ораза кезінде әйел кісі гинеколог дәрігерге тексерілуіне болады ма? 

Жауап: Көпшілік ғалымдардың шешімі бойынша арнайы медициналық құралды әйел кісінің жыныс мүшесіне енгізу арқылы тексеру оразаны бұзады.

Демікпесі (астма ауруы) бар адам ораза ұстай ма?

Демікпесі бар адам жиі демігіп, тұншығатындықтан, инголятор не дәрі пайдалануға мәжбүр. Сондықтан да, «мұндай жағдайдағы адам оразаны қайтеді?», яғни «инголятор арқылы ауызға сепкен дәрі оразаны бұза ма?»  деген сұрақ туады. Бұған қатысты ғалымдарымыз екі түрлі пікір айтады.

Сұрақ:Ораза тұту үшін ниет керек екен. Ол ниет қалай болуы тиіс?

Жауап: Пәлен күні Алла үшін ораза тұтамын деп жүрегімен шешім қабылдауды ниет деп атайды. Оразаның өзі бірнеше түрге бөлінеді:

Қайырлы күн. осы жылы ораза ұстауға ниет бар, бірақ асқазан ауыруымен ауырамын (гастрит) және дәрігерлер аш жүруге тыйым салған. Қандай кеңес бере аласыздар? Жеңісбек

Режеп – қасиетті үш айдың алғашқысы

Әлемдегі барша мұсылмандар үшін Режеп айының орны бөлек. Өйткені ол Ислам дініндегі қатар келетін қасиетті үш айдың алғашқысы. Қалған екеуі Шағбан мен Рамазан деп аталады. Бұл айлар Жаратушы иенің пенделеріне ерекше рақымдылықпен қарауымен, аса мейірбандық танытуымен ерекшеленеді. Сондықтан әлем мұсылмандары бұл айларға аса құрметпен қарап, құлшылықтарына ден қояды.

Рамазандағы мың айдан да қайырлы қасиетті түн

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз», – деп дұға еткенде  Алла Тағала сүйікті елшісіне Қадір түнін сыйлап, «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық»,- депті.

Оразаның жеке тұлғаға пайдалары

Адам баласының тәні мен қатар жаны да бар екені белгілі. Бұл сынақ әлемінде жаны жоқ тәннің мәні жоқ секілді, тәнсіз де жанның маңызы жоқ. Ішіп-жеу, жасаған іс-амалдары, жасаған құлшылықтары оның жаны мен тәніне өзіндік ықпалын тигізеді.

Рамазанның соңғы 10 күнін қалай өткіземіз?

Бұл он күн – өзіңе есеп беретін, болашағыңа жоспар құратын мүмкіндік. Өткен-кеткен қателіктер көз алдыңнан өткенде Алладан кешірім тілейсің, жоспарыңды Аллаға айтып, көмек сұрайсың.