03
Жұма,
Мамыр

һижри

Алтын-күміс тағудың үкімі

Алтын-күміс тағудың үкімі

Пәтуа all

Ерлер  үшін  жібек  киім  секілді  алтын  жүзік  тағу да  – харам.  Бірақ  әйелдер  үшін  алтын  жүзік  –  халал. Өйткені Алла елшісі (саллалаһу аләйһи уәссәләм) «Алтын мен жібек үмбетімнің әйелдеріне – халал, еркектеріне –харам»,– деп айтқан. Хазіреті Әлиден жеткен бір хабарда Алла елшісі алтын жүзікке тыйым салған. Ибн Аббастан жет-кен бір хадисте: «Алла елшісі бір адамның қолынан алтын жүзік көріп қалып, оны қолынан шығарып лақтырып жіберіп: «Сендердің қайсы бірің қолына шоқты ұстай алады?», – дейді.

Бірақ мәзһаб имамдары ер кісіге күміс жүзік тағуын бұдан тыс қараған. Күміс жүзік тағуды аз болу халінде мүбаһ санаған. Ханафилер бойынша мұның аз мөлшері бір мысқал (2. 975 гр.) яки бұдан да төмен. Сондай-ақ күміс жүзік туралы Кутубу-ситтә имамдары Әнәс ибн Мәліктен «Алла елшісі Хабаши көзі бар күмістен бір жүзік тақты. Оған «Мухаммадун Расулуллаһ» деген сөзді нақыштады» дегенді жеткізеді. Һәм үй заттарында алтын мен күмісті пайдалануға болмайды. Атап айтқанда, алтын мен күміс ыдыстардан су, ас ішу, әтірді пайдалану, дәрет алу, т.б. Сондай-ақ алтын мен күмістен сағат, қалам, айна, әшекей заттар да дұрыс емес. Үйлерді алтын мен күміспен әшекейлеу де жақсы емес. Өйткені Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм): «Алтын мен күміс ыдыстардан ішпеңдер, алтын мен күміс ыдыстардан тамақ жемеңдер. Өйткені олар бұл дүниедегі олардыкі (мүшріктер), ақыретте болса сендердікі». Басқа бір хадисте:  «Күміс ыдыстан су ішкен адам қарнын жаһаннам отымен толдырды деген сөз»дейді.

Алтын мен күміс зәру жағдайларда пайдаланса, ха-рам болмайтынын кейбір ғұламалар алға тартады. Атап айтқанда, кесілген мұрын мен түскен тістің орнына алтын мен күмісті пайдалану. Бұл көзқарас – арасында Ханафи ғалымдарынан Имам Мухаммад кейбір деректе Әбу Жүсіп те қосылған көптеген ғалымдардың қөзқарасы. Ал Әбу Ханифа болса тістер алтын емес күміспен тағылатынын айтқан. Сондай-ақ, ол жүзіктің көзін бекіту үшін алтынды  пайдаланудың  әбестігі  жоқтығын  айтады.  Алайда Шафиғи: «Жүзіктің ұясын алтыннан жасау ер кісіге харам», – дейді. Сондай-ақ ерітілсе де таза болмай өзге шикі заттармен араласқан күміс пен алтынды кейбір құралдарға пайдалануға болады.

Сонымен қатар Әбу Ханифа күміспен әшекейленген ыдыстан су ішуге, дәрет алуға және күміспен әшекейленген ер-тоқымға  отыруға  болатынын  айтады.  Һәм  Ханафи мәзһабына қарай күнделікті істерде пайдаланбау шарты-мен үй ішінде әшекей мақсатымен алтын мен күмістен заттарды қойып қоюға болады. Жақұт, інжу-маржан, бақыр, мыс, агат, хрусталь, т.б осы секілді әр түрлі асыл тастардан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өйткені бұлар алтын мен күміс мағынасына келмейді. Оның үстіне Пайғамбарымыз (аләйһис-саләту уәс-сәләм) мыс ыдыстан дәрет алған.

Алла елшісінің алтын мен күмісті ерлерге харам етуі мен әйелдерге халал етуінің хикметтері бар. Оның кейбірі төмендегіше:

1. Алтын мен күміс әсіресе ғасырлар бойы алтын ақша болып экономикада үлкен рөл ойнаған. Бұларды ерлердің әшекей ретінде пайдалануы экономикаға кері әсерін тигізеді.

2.  Бұларды  әшекей  бұйым  етіп  қоғамнан  тыс қалтарыста  қалдырып  қоюы  елдің  қазына қаржысына үлкен залалын тигізеді.

3.  Ер кісінің табиғаты алтын мен жібекпен сәнденуге лайық емес.

4.  Үсті басын түгелдей алтынмен аптап, күміспен қаптап ел алдында жүру қоғамдағы әділдікке кері әсерін тигізіп, елді «бай» деп, «кедей» деп, екіге жаруы мүмкін. Әйелге келсек оның табиғаты сәнденуге әбден лайық. Әрқашан еркекке – жігіттік, әйелге – әсемдік жарасады.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

                       

Бөлісу: