03
Жұма,
Мамыр

һижри

Ашура оразасын қалай ұстаған дұрыс?

Ашура оразасын қалай ұстаған дұрыс?

Ислам тарихы

Мұхаррамның 10-шы күні ғана ораза тұтпаған дұрыс. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашура күні ораза ұстаңдар және яһудилерге еліктемеңдер; Ашурадан бір күн кейін немесе бір күн алдын ораза ұстаңдар» деген. (Ахмад).

Тағы да бір сахих хадисті келтіре кетейік. Бірде мұсылмандар Ибн Аббасқа (оған Алла разы болсын) келіп, одан Ашура оразасы жайлы айтып беруін өтінеді. Ол: «Қашан Мұхаррам айы туғанын көрсеңдер, есептеп, тоғызыншы күні таңертең ораза ұстаңдар» дейді. Олар: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)дәл осылай тұтатын ба еді?» деп сұрайды. Сонда ол: «Иә» деп жауап береді.

Сондықтан, оразаны 9-шы және 10-шы күндері қатар тұтқан жөн. Ал 11-ші күнді қосып тұту «ықтият оразасы» деп аталады. Қатарынан үш күн бойы ораза тұту да сауапты іске жатады.

Рубәйиғ есімді сахаба әйелден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мұхаррамның оныншы, яғни Ашура күні таңертең ансарлардың ауылдарына шабарман жіберіп: «Таңертең кім ораза тұтпаған болса, күннің қалған бөлігінде ораза ұстап, аяғына дейін жеткізсін, ал кім таңертең ораза ұстаған болса, ары қарай тұта берсін» деп хабар таратады. Міне, содан бері мұсылмандар үшін Ашура күні ораза тұту сауабы мол амал болып есептеледі.

ummet.kz

Бөлісу: