05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Хиджама алдығысы келген адам нені ескеру керек?

Хиджама алдығысы келген адам нені ескеру керек?

Ислам тарихы

Ауруды жаратқан Алла тағала сол ауруға керекті емді де қоса жаратқан. Адамның міндеті – ауырған кезде емделу жолдарын қарастырып, тезірек сауығып кетуге әрекет жасау.

Адамзатқа дұрыс жол көрсеткен ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) да денсаулыққа ерекше көңіл бөліп, ауырып ем іздегеннен гөрі ауырмайтын жол іздеуді үмбетіне өсиет еткен. Қажет кезінде сахабаларына дәрігерге қаралуға да кеңес берген. Хижама (денеден қан алдыру) да – сол кезде ел ішінде кең тараған және пайғамбарымыз қабылдаған ем.

Мамандар қан алдырғысы келген адамның мына жайттардан құлағдар болуы керектігін айтады. Қан алдырмай тұрып қан қысымын өлшету, қанды аш қарында алдыру, темекі-ішімдікке жоламау, қан алдырған күні көп су ішпеу, ащы я тұзды тамақ жемеу, мүмкіндігінше денеге күш түсіретін жұмыстармен айналыспау, қан алдыру кезінде гигиена талаптарын сақтау, тәжірибелі маманның көмегіне сүйену, т.б.
Тағы бір ескеретін жайт, егер денеде қан аздығы (анемия) байқалса, кәрі жастағы я әлсіз кісілерге, жүрек ауруы барларға, аяғы ауыр әйелдерге, қатты әлсіреп қалатын болса ауыз бекіткендерге, қан қысымы тым төмен адамдарға және жасы кіші балаларға мамандар қан алдырмауға кеңес береді.
Қорыта келгенде, қан алдыру ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан денсаулыққа пайдасы мол, ағзаға тың күш сыйлайтын, сүннетте орны бар емдік тәсілдердің бірі.

материал «Сенім және ақиқат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: