16
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Дәрет алғанда қандай суды қолданған жөн?

Дәрет алғанда қандай суды қолданған жөн?

Ислам тарихы

Аспаннан жауған қар немесе жер астынан шыққан және дәрет пен ғұсыл алу үшін қолданылатын су өзінің табиғи қасиеттерін, яғни түсін, дәмін және иісін сақтап қалуы тиіс.

Бұл судың таза және тазартатын болуы шарт. Шариғат бойынша табиғи таза су көздері ретінде жаңбыр, қар, өзен, теңіз, көл және құдық суы секілді жер асты суларын айтады. Құранда осы тақырыпқа қатысты былай делінген: «Сондай-ақ Ол рақымын жаудырар алдында сүйіншілеуші ретінде желді жібереді. Сөйтіп, аспаннан тап-таза су түсіреміз». «Сондай-ақ (дәрет әрі бойдәрет алуларыңа мүмкіндік жасап) сендерді тәндік һәм рухани тұрғыдан тазарту, шайтанның көкіректеріңе салған уәсуәсасы мен түрлі жаман ойлардан арылту, жүректеріңді орнықтырып Аллаға деген сенімдеріңді арттыру, сондай-ақ (құмды жерде) аяқтарыңды нық басуларың үшін көктен жаңбыр жаудырды».

Ал пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде: «Судың түсі, дәмі және иісі өзгермеген болса, таза болып саналады. Ондай су ластанбаған» деген. Сондай-ақ фиқһ ғалымдары суда кейбір элементтердің болуы оның тазалағыш қасиеттерін жоғалтпайтындығын айтады. Мысалы, көп тұрып қалған суда пайда болатын балдырлар, су ішіне шаң, топырақ, ағаш, бұтақ, жапырақ, сабан, тұз және басқа да осыларға ұқсас заттардың түсуі суды ластамайды. Демек, мұндай сумен дәрет және ғұсыл алуға болады деп рұқсат еткен. Ал мал ішкен судың қалдығы араб тілінде «суʾр» деп аталады. Шариғат бойынша мұндай су төрт түлік малдан (түйе, сиыр, қой, жылқы) және күнделікті тіршілігімізде жиі кездесетін құстардан қалса, таза су болып саналады. Өйткені бұл малдардың сілекейі таза ағзадан бөлініп шығатындықтан суды ластамайды. Сондықтан мұндай сумен де дәрет, ғұсыл алуға болады.

материал «Әйелдерге арналған ғылымхал» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: