10
Жұма,
Мамыр

һижри

Мал майларының косметикада қолданылуы

Мал майларының косметикада қолданылуы

Ислам тарихы

Барлық косметикалық препараттар негізінде май мен судың қосындысы бар. Бұл қосындылар бір-бірінен ажырамас үшін, косметикалық өнімдерге эмульгаторлар қосады.

Косметикада қолданылатын жануар, өсімдік текті майлар теріні қоректендіріп, табиғи май қабатын қалыптандырып, жұмсартады.

Мал майлары адамның тері майымен ұқсас келеді. Мал майлары крем өндірісінде негіз ретінде қолданылуы мүмкін.

Косметикада қолданылатын майлар:

Тасбақа майы. Тасбақа майында А, D, К, Н дәрумендері, линоль, линолен қышқылдары бар.

Балық майы;

Кашалот майы;

Ланолин.

Медицина мен косметикада қойдың тері майының негізгі компоненті болатын мал майы-ланолинді жиі қолданады. Оны қой жүнін тазарту арқылы өндіреді.

Ланолин – ақ сары түсті қою тұтқыр масса. Құрамында холестерол, пальмитин қышқылы, миристин қышқылы, олеин қышқылы, капрон қышқылы көп болады. Оны жақпа майдың негізі ретінде қолданады. Ол көптеген құнды қасиеттерге ие. Ланолин теріге тез әрі жеңіл жағылуымен ыңғайлы саналады. Эмульсионды жақпа май негізінде жиі қолданылатын сусыз ланолин құрамында холестерин мен оның эфирлері, балауыз қоспаларының көп мөлшері бар.

Дініміз тыйым салған косметикада қолданылатын мал майлары:

Доңыз майы;

Қаракүзен майы;

Аю майы.

Косметика өнеркәсібінде мал майлары құрайтын шикізаттан алынатын май қышқылдарын да колданады. Қаныққан май қышқылдарынан:

стеарин;

пальмитин;

миристин қышқылдарын қолданады.

Қанықпаған май қышқылдарынан:

олеин;

линоль;

линолен қышқылдарын қолданады.

Сондықтан косметика өнімдерін аларда халал стандарты бойынша сертификатталған немесе өсімдік негізінен жасалған түрлерін таңдаған жөн.

материал «Халал – шариғат талабы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: